Плутократия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Плутократия (Үлгі:Lang-el — күш, билік) — дәулетті адамдардың билігі.<ref>Қазіргі заман ұғымдарымен терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі. Алматы: "Сөздік-Словарь", 2001.ISBN 5-7667-8676-Х</ref> Плутократияның белгілері көрінген мемлекетте қоғамның бай топтары биліктің маңызды тетіктеріне ие болып, мемлекеттік саясатқа бақылау орнатуға әрекет етеді. Сондай-ақ өздерінің қаржылық, саяси күш-қуаты арқасында елдің табиғи ресурстары мен басқа да қорларын өз мүдделері үшін пайдалануға тырысады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref> Плутократия кез келген елдің демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде тұрақты дамуына зиян тигізеді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}