Платформалық алқап

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Платформалық алқап - тектоникада: геосинклин ұғымына қарама-қарсы мағынада қолданылатын, сол геосинклиндерден тектоникалық режимінің мейілінше салғырттығымен айырықшаланатын, континенттерге тән жер қыртысының ең басты құрылымдық элементтерінің бірі. Геоморфологияда: жербедері жазықтармен сипатталатын, өте марғау қозғалатын алқаптар; материктік және мұхиттық платформалық алқаптар болып екі түрге жіктеледі. Материктік платформалар негізінен алғанда көтеріңкі аймақтар жиынтығын құрайды, оларға тән жер қыртысы басты-басты екі бөліктен — қатпарлы түғырдан яки кристалдық іргетастан және таужыиыстардың деформацияға үшырамаған қабаттарынан, яғни бір-бірімен көлбеу бағытта астасқан платформалық тыстан тұрады. Мұхиттық платформалар негізінен түсіңкі өңірлер жиынтығынан тұрады, сөйтіп мұхит төсеніші аймағынан көрініс береді; жалпылама алғанда біршама тегіс алаптар құрайтын мұхиттық платформалық алқаптар суасты қыраттары мен жоталарын, сол сияқты ойыстар мен қазанойпаттарды біріктіреді.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}