Пластикалық хирургия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Хирургия салалары Пластикалық хирургия, пластикалық операция — хирургияның бір саласы. Пластикалық хирургияда адам органдары мен тіндерінің туа немесе жүре пайда болатын кемістіктерін қалпына келтіру үшін хирург. операция жасалады. Пластикалық хирургияға адам организміндегі барлық кемістікті (жырық, т.б.) жою мақсатында жүргізілген операциялар жатады, сондай-ақ көмекей, өңеш, қарын, т.б. органдарды емдеуде де Пластикалық хирургия қолданылады. Пластикалық хирургия көне заманнан белгілі. Тибетте б.з.б. 3 мың, Үндістанда б.з.б. 1 мың жыл бұрын пішіні бұзылған мұрынды қалыпқа келтіруге жасалған операция (ринопластика) туралы дерек табылған.

Қазіргі кезде Пластикалық хирургия күнделікті тәжірибеде кеңінен қолданылады. Мысалы, адам денесіндегі күйіктен кейін теріні алмастыру, беттегі әжімді немесе денеде пайда болған ісікті алу пластикалық операциялар арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ бүлінген қан тамырларының немесе жүрек клапандарының орнына синтездік тіннен протез (аллопластика) қойылады.

Пластикалық хирургияның бірнеше түрі бар. Аутопластика түрінде кемістікті түзетуге не жамауға қажетті тінді науқастың өз денесінен (тін, тері, ішек, т.б.), гомопластикада — операцияға қажетті тінді басқа адамның (кейде өліктің) организмінен алады, гетеропластикада — арнайы пластикалық материалдар үшін жануарлар тіні пайдаланылады.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Пластикалық хирургия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}