Пиязшөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Пиязшөп (Үлгі:Lang-la) – орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда Алтайдың, Іле Алатауының, Қаратаудың, Батыс Тянь-Шань тауларының төменгі бөктеріндегі бұталар мен жалпақ жапырақты ағаштардың арасында өсетін 1 түрі — дәрілік Пиязшөп (А. offіcіnalіs) бар. Оның биікт. 20 — 100 см. Сабағы тік, тықыр, төменгі бөлігі қылтанды. Сабақ бойы орналасқан жапырақтары тұтас, шеттері иректелген, ал сабағының төменгі жағында орналасқан жапырақтары бүйрек тәрізді. Ақ түсті гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Сәуір — мамыр айларында гүлдеп, мамыр — маусым айларында жеміс салады. Жемісі — бұршаққын. Пиязшөптің жапырағы С витаминіне бай; тұқымының құрамында май көп, сондықтан оны езіп, тамаққа дәм беру үшін қыша және сарымсақ орнына пайдаланады. Пиязшөпті жеген сиыр сүті қызғылт-сары түсті болады және одан сарымсақтың иісі шығып тұрады.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Пиязшөп|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}