Пиролиз (Мұнай және газ)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Органикалық қосындыларды жоғары температуралар әсерімен құрылымдық өзгерістерге ұшырату нәтижесінде бір қалыптан екінші қалыпқа көшіру. П. нәтижесінде заттардың құрылымдық өзгерістерімен қатар олардың изомерлену реакциялары, конденсаттануға ұшырауы, т.с.с. процестер де көрініс беруі ықтимал. Мұнайдың және оның фракцияларының П.-денуі әдетте "крекинг" деп аталады. П. температурасы органикалық қосындылардың термикалық тұрақтылығымен анықталады. Органикалық қосындылардың кейбір топтарының П.-і бөлме температурасы жағдайында да өтуі мүмкін. Қазба органикалық заттардың П.-і әдетте жүздеген градус температура жағдайында жүзеге асады. П. мұнай мен оның ауыр фракциялары есебінен әр түрлі химиялық шикізаттарды, жанармайлар мен жағармайларды алу мақсатын көздейгін оларды өңдеу процестерінің бірі болып табылады. Қазба органикалық заттардың табиғи П.-і жапсарлы метаморфизм жағдайында да жүзеге асуы мүмкін.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}