Пирамидалар эволюциясы
Мазмұны
Мастаба
Үлгі:Main Жоғары жағы тегіс етіп жасалынған қабірлер шенеуніктер, судьяларға және қарапайым отбасы мүшелеріне арнап салынған. Алғашқы кезде оларды саз балшықтан жасаса, кейіннен тастан жасайтын болған.
Саккар үстіртіндегі сатылы Джосер пирамидасы
Алғашқы пирамида тастан жобамен б.э.д. 2630 жылы жасалынған, ол үш сатыдан:Үлкен мастаба, 4 және 6 сатыдан тұрған. Биіктігі 60 метр, іргетасының көлемі 140х118 метр.
Дашурдағы қабырғалалары ойлы-қырлы пирамидалар
Б.э.д. 2560 жыл шамасында пирамидаларды тегіс етіп жасау жөнінде бірінші қадамдар жасалды. Еңіс бұрыш өте құламалы болып шығып, онің төбе жағын кішірейтуге тура келді.
Гизадағы пирамидалар
Мысырдағы ең белгілі пирамидалар - Хеопс пирамидасы, Менкаура пирамидасы, ханшайымдар пирамидасы және Хафра пирамидасы.
Мероэдағы пирамидалар
Б.э.д. 6-ғ-дан б.э.д. 2 ғ. дейн Мероэ қазіргі Судан Африка мемлекетінің астанасы болды. Шамамен б. э. д. 300ж б. э. д. 350 жылға дейн мемлекет басшылары қабырғалы тік пирамидаларға жерленді.
Луврдағы (Париж) шын пирамида
Қытай тегінен шыққан америкалық сәулетші И. М. Пей пирамида құрлысын жаңғырта отырып, 1989 ж. биіктігі 22м шыны пирамида тұрғызды. Ол Париждегі (Франция) Лувр мұражайының кіретін жерін құрайды.
Теотиуакандағы Күн Шіркеу пирамидасы
Бұл өте ауқымды пирамида. Мехикодан 40 км қашықтықта орналасқан, Гизадаға Хеопс пирамидасына қарағанда үлкен тас блоктардан қаланған. Ол б. э. д. 150 ж. салынған, биіктігі 66 метр.
Теночтитландағы Темпло Майор
Ацтектердің пирамида-ширкеуі қазіргі Мехико жерінде Тлалоку және Уицилопочтилерге арнап тұрғызылған. Бұл құдайлардың екі шіркеуінде мыңдаған құрбандықтар шалынған.<ref>«Алматыкітап баспасы» Әлемнің ұлы кереметтері 2010 жыл</ref>
- GD-EG-Saqqara004.JPG
Дашурдағы қабырғалалары ойлы-қырлы пирамидалар
- Saqqara BW 5.jpg
Саккар үстіртіндегі сатылы Джосер пирамидасы
- Gizeh Cheops BW 1.jpg
- Sudan Meroe Pyramids 30sep2005 10.jpg
Мероэдағы пирамидалар
- Louvre pyramid - blackout.jpg
Луврдағы (Париж) шын пирамида
- Sun Pyramid 05 2015 Teotihuacan 3304.JPG
- ChichenItza-Dic2004.jpg
Теночтитландағы Темпло Майор