Пиаже Жан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пиаже Жан (1896-1980) - Швейцария психологі. Психиканың түрлі кезеңмен дамуы концепциясының авторы. "Генетикалық эпистемология" ілімін жасаушы. Женева және Париж университетінің профессоры. Сорбонна (Франция), Гарвард және Чикаго университетінің құрметті профессоры. 1929 жылдан Жан-Жак Руссо атындағы институтты басқарады, 1940 жылдан Женева университетінің эксперименталды психология кафедрасы мен психологиялық лабораториясын меңгереді. 1955 ж. "Генетикалық эпистемология жөнінде Халықаралық Орталық" құрды. Ол бала интеллектісін зерттеу жайында ғылыми мектеп ашты. Ол "Логика және эпистемология" (таным теориясы) жөніндегі еңбектерімен әйгілі. Пиаже: ойлау дегеніміз операциялар жүйесі — дейді. Операция — ішкі қимыл-әрекеті, сыртқы заттық әрекеттің жемісі, ішкі әрекет реалды объектілер арқылы іс жүзіне аспайды, образ, белгі, символ арқылы жүзеге асады. Операцияның концепциясы негізінде, ол баланың эмоциялық іс-әрекет генезисін, қабылдауының дамуын қарастырады. Пиаженің концепциясы қазіргі кездегі әр түрлі ғылымдардың (логика, психология, социология, эпистемология т.б. тәсілдерін біріктіру негізінде жол көрсетеді.

Еңбектері

  • "Баланың ойлауы мен сөйлеуі",
  • "Генетикалық психологияның проблемалары",
  • "Қарапайым логиканың құрылымдық генезисі" т.б.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}