Петухов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Петухов Рэм Михайлович (10.6.1928 жылы туған, Талғар қаласы) – экономист-ғалым, экономика ғылыми докторы (1966), профессор (1968), Қазақстан ҒА корпорация мүшесі (1967). Ленинградтың кеме жасау институтын (1950) және аспирантурасын (1955) бітірген. 1955 – 63 жылдары Қазақ КСР ҒА Экономика институтының ауыр өнеркәсіп экономикасы бөлімінің аға ғылыми қызметкері, институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1963 – 67 жылдары КСРО ҒА Сібір бөлімшесінің өнеркәсіптік өндіріс экономикасы және оны ұйымдастыру институтында бөлім меңгерушісі, институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1967 – 73 жылдары Қазақ КСР-і ҒА Экономика институтының директоры, 1973 – 77 жылдары Ленинградтағы “Румб” орталық ғылыми-зерттеу институты директорының бірінші орынбасары және бас инженері болды. 1977 жылдан Ленинград кеме жасау институтытының кеме жасау өнеркәсібі экономикасы кафедрасының меңгерушісі. Петухов өнеркәсіп өндірісі экономикасы, оны жоспарлау мен ұйымдастыру мәселелерін зерделеді, математикалық әдістерді пайдалана отырып, жөндеу өндірісінің экономикасы мен оны ұйымдастыру, негізгі қорлардың, тозуы, жаңартылуы мәселелерін зерттеді. Көптеген медальдармен марапатталған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Петухов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}