Петр Михайлович Артемов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Артемов Петр Михайлович (1919 жылы туған Ресей, Архангельск облысы Каргополь ауданы) – Кеңес Одағының Батыры (24.3.1945). 1941 жылы Одесса жаяу әскер училищесінде оқып жүрген кезінде Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1944 жылы маусымның басында Артемов атқыштар батальоны құрамында Ковель қаласының батысындағы Пародубы станциясы ауданында орналасқан жаудың күшейтілген шебін бұзуға қатысты. Батальонға Батуған Буг өзенінен өтіп, плаңдарм жасауға және оны дивизияның негізгі күші жеткенше ұстап тұру міндеті жүктелді. Бұл тапсырманы Артемов батальоны абыроймен орындап шықты. Жаудың 85 солдаты мен офицері тұқынға алынып, Забережное станциясындағы немістердің негізгі күшін жойған жауынгерлер оны негізгі күш келгенше ұстап тұрды. Осы сұрапыл шайқаста батальон командирі, капитан Артемов ерекше ерлік көрсеткен. Соғыстан кейін полковник Артемов Қызылорда қаласында еңбек етті.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, I-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Петр Михайлович Артемов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}