Петр Лаврович Лавров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Piotr Lavrovich Lavrov.jpg
Петр Лаврович Лавров

Петр Лаврович Лавров (1823 жыл 2 маусым - 1900 жыл 25 қаңтар, Париж) – орыс философы, социолог, ұсақ буржуазиялық социалист, революциялық халықшылдықтың теоретигі.

Өмірі

1842 жылы Петербургтің артиллерия училищесін бітіреді. Лавров өзінің философиялық позициясын «антропологиялық көзқарас» деп анықтайды. Антропологизмінің мәні -адамның жеке басын, әр қилы «метафизиканы» бекерге шығарушы материалдық пен руханидің бір тұтастығы деп санайды. Ол идеализмның мистикалық формаларын қатты санап, діни сенімдік күйді потологиялық күй деп есептейді. Бірақ та оның мистицизммен айтысуы бір ізді болмады, ол материалистік тұрғыдан емес, позитивизм тұрғысынан жүргізілді. Оның мұндай теориялық бір ізділіктен ауытқуы гносеология мәселесінде субъективизмге әкеліп соқтырды. Социологияда Лавров тарихи фатализмге қарсы болып, тарихтағы субъективті фактор мәселесін зерттеп, оған айрықша жоғары баға береді. Лавровтың революциялық авантюризмді сынауы оның жағымды жағы еді.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>