Петрохимиялық диаграммалар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Петрохимиялық диаграммалар – тау жыныстары құрамындағы химиялық түрбөлшектердің (компонент) өзара байланысын саралау, магмалық кешен немесе тастобыр (серия) көлеміндегі жекелеген жыныстардың магмалық даму жолын қадағалау, зерттелмек кешеннің өзге тектестерімен салыстырғандағы орны мен маңызын анықтау т. с. с. келелі мәселелерді табысты түрде шешу мақсатында тау жынысының химиялық құрамын сызбалы түрде кескіндеу тәсілі. <ref> Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4 </ref>
Дереккөздер
<references/>