Петросян Тигран Вартанович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Петросян Тигран Вартанович (17.6.1929, Грузия, Тбилиси қаласы — 18.8.1984, Ресей, Мәскеу) — шахматтан дүние жүзінің тоғызыншы чемпионы (1963 — 69), шахмат теоретигі. 1953 жылдан бастап әлем чемпионы атағына үміткерлер матч-турниріне қатысты. 1962 жылы Кюросаода қаласында (Кариб теңізі) өткен үміткерлер турнирінде тамаша табысқа қол жеткізді. Ол М.Таль, Р.Фишер, П.Керес, Е.Геллер, В.Корчной, П.Бенко, М.Филип сынды әлемдегі ең мықты гроссмейстерлер қатысқан төрт айналымды турнирде бас бәйгені иемденді. Әлем чемпионы М.Ботвинникпен кездесуге мүмкіндік туды. Әлем чемпионы атағы үшін болған матч 12,5:9,5 есебімен Петросянның пайдасына шешілді (1963, Мәскеу).

1966 жылы әлем чемпионы Петросян мен осы атаққа үміткер Б.Спасскийдің арасында матч болды. 12,5:11,5 есебімен ұтқан Петросян өз атағын тағы үш жылға сақтап қалды. Бірақ 1969 жылы Б.Спасский жеңіске жетіп (10,5:12,5), әлемдік тәжді иемденді.

Ол “Мәскеу шахматы” (1963 — 66), “64” (1968 — 77) журналдарының бас редакторы қызметтерін атқарды. Петросян КСРО құрамасы сапында тоғыз рет бүкіләлемдік шахмат олимпиясында жеңіске жетті. Бірінші тақтада 38 ойын өткізіп (25 ұтыс, 13 тең) 31,5 ұпай жинады. Сегіз рет Еуропаның командалық чемпионатында алтыннан алқа тақты. 1959 — 61, 1969 — 75 жылдары КСРО чемпионы атанды. 1970 жылы болған “Ғасыр матчына” қатысты. Шахмат саласындағы еңбектері үшін “Құрмет белгісі” (1965), “Халықтар достығы” (1981) ордендерімен, медалдармен марапатталды. Ераван қаласындағы шахмат үйіне, Мәскеудегі кәсіподақтар шахмат клубына, Мәскеудегі кәсіподақтардың сырттай шахмат ойнайтын мектебіне Петросян аты берілген. 1984 жылдан Мәскеуде Петросян атындағы халықаралық турнир өтеді.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Петросян Тигран Вартанович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}