Петропавл атқарушы тетіктер зауыты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Петропавл атқарушы тетіктер зауыты — машина жасау кәсіпорны. 1941 жылы КСРО-ның батыс ауданынан көшірілген кәсіпорын негізінде құрылған. Соғыс жылдары ғ347 кәсіпорын атауымен қорғаныс өнімін шығарды. 1958 жылдан приборлар, негізінен магнитофондар шығаруға маманданды. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы техникасы үшін бөлшектер мен тораптар шығарды. Зауыт цифрлық бағдарламалық басқару қондырғысы бар станоктармен, термопластавтоматтармен, жартылай автоматты құйма машиналармен және роботты техникамен жарақтандырылған. Кәсіпорында бөлшектерді ұнтақ металлургия әдісімен дайындау игерілді. Кейін зауыт “Мұнаймаш” ААІ болып қайта құрылды. Кәсіпорын өндіретін негізгі тауарлардың тізбесі: піскілеуіш және қамыр илеуіш машиналар, кернеуді реттеуіш, бензин сорғыштар, электрлі тұтатқыштар, шығырлар, шұралар, гараж, пәтер, пошта құлыптарын, май қысымын бергіштер, әмбебап шырағдандар, тереңнен су тартатын ЭЦВ 6/8/10 сорғыштар, штангалы ПНН мұнай сорғыштары, НШ сор-ғыштары, топтық жылу есептеуіштер, су өлшеуіштер, бекітпелер, резина-техникалық бұйымдар, әуезді қоңыраулар.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Петропавл атқарушы тетіктер зауыты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}