Петропавлдағы машина жасау зауыты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Петропавлдағы машина жасау зауыты — кәсіпорын. Мәскеу қаласының Симонов слободасында 1895 жылдан жұмыс істеп келе жатқан “Парострой” зауытының 2-дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Петропавл қаласына көшірілген бөлімшесі ретінде құрылып, 1941 жылы қарашада өз өнімінің алғашқы топтамасын майданға жөнелтті. Желтоқсанда бөлімше ғ239 зауытқа айналдырылды. Осы жылдары трактордың жаңа тіркемесі игерілді, жеңіл автомоб-дердің тіркемелерін, тұтас металды термостар, мотоқопсытқыштар, балалардың мотороллерлерін, шкафтар мен басқа да өнім түрлерін жаппай өндіру жолға қойылды. 1994 жылы кәсіпорын “ЗИКСТО” ААІ деп аталды. Қазіргі кезде зауыт Қазақстанның жетекші кәсіпорындарының біріне айналды. Ол республиканың қорғаныс-өнеркәсіптік кешеніне жатады және “Қазақстан инжиниринг” ұлттық компаниясының құрамына кіреді. Кәсіпорын арнаулы өнімнен басқа өндірістік-азаматтық мақсаттағы бұйымдар шығаруға да бағдарланған, олардың негізгі түрлері: мұнай кешені үшін арнаулы техника (мұнай-бензин цистерналары), агр. салаға арналған өнім, отын-энергет. кешен жабдығы, жылжымалы құрамды жөндеу, темір жол үшін қосалқы бөлшектер мен жабдықтар дайындау.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Петропавлдағы машина жасау зауыты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}