Пессимизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Glass-of-water.jpg
Ыдыстағы су жартылый толық па әлде жартылай толық емес пе? Пессимисттер жауабы: "жартылай толық емес", оптимисттер жауабы: "жартылый толық"

Пессимизм - (Үлгі:Lang-la - ең жаманы) - жағымсыз, күмәнді тұрғыда дүниені қабылдау түрі<ref>Қазіргі заман ұғымдарымен терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі. Алматы: "Сөздік-Словарь", 2001.ISBN 5-7667-8676-Х</ref>; оптимизмге қарама-қарсы. Қарапайым түсінікте - жабыққан көңіл-күй, шынайылықтың тек жағымсыз жақтарын көруге бейімділік, шарасыздық күйі, өмірдің мәнсіздігін сезіну, сәтсіздіктерді тым ауыр, күйзеліспен қабылдау. Философиялық түсінікте пессимистік дүниетаным әлемде қайғы-қасіреттің басымдығына, әділетсіздік үстемдігіне, тарихи процестің мақсатсыздығына меңзейді.

Жаһандану процестері "жалпыадамзаттық құндылықтардың" ұлттық мәдениет құндылықтарымен шиеленісіне әкеп соқтырды. Осылайша, XX ғ. аса көрнекті ойшылдары (А. Швейцер, А.Тойнби, Э.Фромм, Н.А. Бердяев) либералды құндылықтардың, олардың өмір мәнін түсінуде ресмилігін, әлемдік тәртіпті жетекші державалардың пайдасына шешіп беруде. Батыстық басым көңіл-күйді социологиялық талдау адамдардың болашаққа сенімсіздікпен қарайтынын көрсетті. Экологиялық апат, милитаризмнің қайта үдеуі, өмір сүру қажеттіліктерінің қымбаттауы, бірнеше есе қарқындауы қоғамның тұрақты дамуына еш септігін тигізбеуде. Қазіргі қоғамдық-саяси ойда оптимистік пиғыл тек жаһандануды жақтаушы доктриналарда басым, ал дәстүрлі мәдени құндылықтарға сүйенетін философия әлемнің күйзелісін болжауда. XXI ғ. жаһандану алдындағы үрей ең пессимистік дәлел болуда.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Пессимизм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}