Пер Фабиан Лагерквист

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Lagerkvist.jpg
Пер Фабиан Лагерквист

Пер Фабиан Лагерквист (1891 жыл 23 мамыр - 1974 жыл 11 шілде) - швед жазушысы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. Швед Академиясының мүшесі (1940).

Өмірі

1912 жылы Упсала университетін бітірген. Алғашқы шығармашылығын поэзиядан бастаған. Соғысқа қарсы жазылған «Адамдар» (1912) атты жинағында новеллаларын еңбекшілер өміріне арнады. «Жендет» (1933) повесі мен «Рақымсыз адам» (1936), «Варвара» (1950) т.б шығармалары библиялық сюжетте жазылған. Оның «Үрей» (1916) т.б. өлендерінде торығу сарыны байқалса, «Дүниеге келген қонақ» (1925) романында реалистік әдіске бой ұрды. 1951 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>