Пернебек Бейсенов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бейсенов Пернебек (1928 жылы туған), суретші, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978). 1949 ж. «Абай» романы үшін Мемлекеттік сыйлық алуына байланысты «Мұхтар Әуезов «Абай» романын жазу үстінде» деген тақырыпта сурет салып (кенеп, майлы бояу), ұлы жазушыға тарту еткен. Бұл суретті кезінде жазушы жоғары бағалаған. Әуезовпен кездесіп, әңгімелескен сәттерінБейсенов естеліктерінде тәптіштеп баяндаған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>
Дереккөздер
<references/>