Переяславль Радасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Переяславль Радасы - 1654 жылы Украинаның Ресейге қайта қосылуы туралы шешім қабылдаған украин халқы өкілдерінің жиналысы.

Жиналыстың өтуі мен нәтижесі

Переяславль радасы гетман Б. Хмельницкийдің шақыруымен 8(18) қаңтарда Переяславль қаласында (қазіргі Переяславль-Хмельницкий) өтті. Переяславль радасы Украина халқының Ресейге қайта қосылу қозғалысын аяқтады. Украинаның Ресейге қайта қосылуына екі халық тілі мен мәдениетінің жақындығы, ертеден экономикалық, саяси және мәдени байланыстары мен дінінің бірлігі себеп болды. Орыс үкіметінің Украинаға деген қарым-қатынасы мен саясаты да маңызды роль атқарды. Ресейде басыбайлылықты білмеген, белгілі бір саяси автономия правосын пайдаланған казак аймақтары (Дон, Жайық) болды. Украин шаруалары Ресей қол астында болсақ бостандықта боламыз, ұлттық езгі мен діни қудалаудан құтыламыз деп үміттенді. Старшиналары мен шляхларына орыс өкіметінің көмегімен саяси автономия құрып, билеуші тапқа айналамыз деп ойлады. Жиналыс қарсаңында Б. Хмельницкий Ресей елшілігінің басшысы бояр В. В. Бутурлинмен кездесті. Жиналысқа қала жұртшылығы мен төңіректегі село шаруалары қатысты. Б. Хмельнийкий сөз сөйлеп, азаттық күресті, ондағы украин халқының құрбандықтары туралы еске сала келіп, халық жеңісін нығайтудың бірден-бір жолы Ресейге қайта қосылу екенін айтты. Радаға қатысушылар Б. Хмельницкийдің ұсынысын бір ауыздан қабылдап, Ресейге берілгендері жөнінде ант берді. Украинаның Ресейге қайта қосылуы украин халқының экономикалық, саяси және мәдени дамуына қолайлы жағдайлар туғызды. Ол шетел басқыншыларына қарсы әлеуметтік және ұлт-азаттығы жолындағы күресте туысқан екі халықтың одағы мен достығын нығайтты.<ref>Голобуцкий В. А., дипломатическая историяосвободительные войны украинского народа К., 1962</ref>

Дереккөздер