Перес Гальдос

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Перес Гальдос Бенито (10.2.1843, Лас-Пальмас, - 4.1.1920, Мадрид) – испан жазушысы, социализм идеяларын қолдаушы. Ол «Алтын фонтан» (1870, орыс тілінде 1881) және «Батыл» (1871) романдарында 19 ғасырдың басындағы рев.уақиғаларды баяндады, кеінгі кезде жазғандарды «Ұлттық эпизодтар» эпопеясына (1 – 46-т., 5 сериялы, 1873-1912) топталды. Перес Гальдос шығармаларының кейіпкері – күрескер испан халқы. Оның бірнеше романдарында «Донья Перфекта» (1876, орыс тілінде 1882, 1956; «Глория», 1876-77, орыс тілінде 1884) өзі өмір сүрген дәуірдің шындығы көрсетілген. 90 жылдары жазған романдарынан орыс жазушыларының, әсіресе Л.Н.Толстойдың әсері сезіледі. Перес Гальдос шығармашылығы 20 ғасырдағы испан реалистік романынң дамуына игі әсер етті. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер