Педро Агирре Серда

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Педро Агирре Серда (Үлгі:Lang-es; (06.02.1879 — 25.11.1941) -  Чилидің саяси және мемлекеттік қайраткері, 23-ші президенті болып сайлаған (1938-41 ж).

Лос-Андестің қасындағы Покуро ауылында фермердің отбасында 11 баланың ішінде 8-ші болып туған.

1900 ж. Сантьягодағы педагогикалық институтын бітіріп мұғалім болып жұмыс істеген.

1904 ж. адвокат болды.

1915-21 ж. Ұлттық конгрестің депутаты

1920-24 ж. Ішкі істер министрі

1921-27 ж. Сенатор. Радикалдық партияның басшысы.

1938 ж. Президент болып сайланды. Агирре Серда үкіметі бірсыпыра прогрестік шаралар қолданды (еңбек туралы заң, шаруаларға банктен несие беру туралы заң т.б.), бірақ реакцияшылардың қысымымен аграрлық реформа жүзеге асырылмады.

1941 ж. 25 қарашада туберкулезда қайтыс болды.

Дереккөздер

  • Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том