Педология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Педология (Үлгі:Lang-el — жасөспірім, бала, logos — ілім) — XX ғасыр соңында қолданбалы психология мен эксперименттік педагогиканың шеңберінде эволюциялық идеяның таралуы мен дамуынан туындаған ағым. Педология терминін 1893 жылы америкалық психолог О.Хризман ұсынды. Педагогиканың негізін қалаушылар — С. Холл, Дж. М. Болдуни, Э. Киркпатрик, Э. Мейман, В. Прейер, П. П. Блонский, Л. С. Выготский және тағы да басқалар. Бұл ағымның мазмұнын жасөспірімнің дамуы туралы психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, биологиялық, әлеуметтік сияқты көзқарастардың жиынтығы құрады. Бірақ бұл кездегі пікірталастарда педологияның басқа ғылымдардан айырмашылығы тиянақты айқындала қоймайды. Тек кешендік әдістемелік негіз бен бағдар үйлескеннен кейінгі кезіндегі баланың психикалық дамуы туралы диагностикалық жаңа нәтиже мен табыстарға жетті.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}