Патрис Эмери Лумумба

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Anefo 910-9740 De Congolese2.jpg
Патрис Эмери Лумумба

Патрис Эмери Лумумба (Үлгі:Lang-fr, 1925 жыл 2 шілде — 1961 жыл 17 қаңтар) – Конго Республикасы азаттық қозғалысының қайраткері.

Өмірі

Кедей шаруаның семьясында туды. Миссионерлік мектепті бітіргеннен кейін пошта шенеунігі болды. Әдебиет және журналистикамен де шұғылданды. «Ухуру» газетінің негізін қалады. «Эндепанданс» газетінің директоры болды. 1958 жылы Бельгиялық Конгоға тәуелсіздік беруды жақтаушы Конго ұлттық қозғалысы партиясын құрып, соның төрағасы болып сайланды. 1960 жылы шілдеден Конго Республикасының примьер-министрі. Ішкі сепаратизмге және Бельгия басқыншыларының 1960 жылы шілдедегі қарулы агрессиясына қарсы шықты. 1960 жылы қыркүйекте үкімет билігінен аластатылып, тұтқынға алынды. 1961 жылы Катангада азаптап өлтірілді. 1966 жылы Лумумба ресми түрде ұлттық батыр деп жарияланды.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>