Патриот зымыраны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

MIM-104 «Патриот» (Үлгі:Lang-en) — АҚШ әскері мен оның одақтастары пайдаланатын америкалық зенитті зымыран кешені. Америкалық «Рэйтеон» компаниясы шығарады.

1963 жылы «Патриот жүйесі» МІМ–14 «Найк Геркулес» жүйесін орташа және төмен биіктіктерде әуе қорғанысын қамтамасыз ету үшін алмастырды. Бұған қосымша «Патриот» баллистикалық зымырандарды ұстайтын платформа рөлін атқарады.Кешеннің қазіргі таңдағы басты міндеті деп соны айтамыз. 1980 жылдың қазанында кешенді жасау туралы келісімшартқа қол қойылды. Ал 1981 жылдың желтоқсанында зымыран жауынгерлердің қолына тиді. «Патриот» зымыран кешені әуе шабуылы зымыраны мен жоғарғы өнімді радар жүйесінен құралды. «Патриот» Алабама штатындағы Хантсвилл қаласында «Редстоун» арсеналында дайындалды. Бұл арсенал оған дейін «Сейфград» баллистикалық зымыран жүйесі мен «Спартан» және «Спринт» зымырандарын жасаған болатын. Қазіргі кезде басқа елдерге жетілдірген «Патриот» РАС–3 жүйесі экспортқа шығарылады. «Патриот» кешенінің зымыраны мен жерге жақын құрылғысын тексеру 1970 жылдардың соңына дейін жалғасты. 1980 жылдың қазанында «МІМ–104А Патриот» зымыранын шығаруға бірінші рет келісімшарт жасалды. Жауынгерлік сынақ 1981 жылы басталды. 1984 жылы «Патриот» оперативті дайындық сатысына жетіп, АҚШ армиясының бірінші бөлімінің әскери қаруы қатарына қосылды <ref>ҚАРУ–ЖАРАҚТАР. – Алматы:«Аруна» баспасы. – 208 бет. – «1100 қызықты деректер»</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер