Патриоттық антигитлерлік майдан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Патриоттық антигитлерлік майдан - румын халқы патриоттық күштерінің бірлестігі. Антонескудің әскери-фашистік диктатурасына қарсы күресті күшейту үшін Румыния коммунистік партиясының (РКП) бастамасымен 1943 жылы құрылған.Патриоттық антигитлерлік майданға РКП, Егіншілер майданы (1933ж. құрылған),Патриоттар одағы (1942ж. құрылған),МАДОС (Румыниядағы венгр еңбекшілерінің ұйымы) кірді.Патриоттық антигитлерлік майданның құрылуы Румыниядағы қарулы көтерілісті даярлаудың маңызды кезеңі болды. <ref>Қазақ совет энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер