Паротит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Паротит (мысқыл, шықшыт безінің қабынуы) — мысқылмен ауырып жүрген адаммен қарым-қатынас жасағаннан кейін мұнымен ауырмаған адамда 2 немесе 3 аптадан кейін оның алғашқы белгілері байқала бастайды. Бұл ауруда дене қызуы көтеріледі және жұтынғанда немесе тамақ жеген кезде ауырады. 2 күннен кейін құлақтың артында және жақтың қуысында жеңіл ісіктер пайда бола бастайды. Көбінесе алдымен бір жағында, содан кейін екінші жағында байқалады.

Емдеу жолдары

Шамамен 10 күннен кейін ісік өзінен-өзі кетеді, дәріні қабылдаудың қажеті жоқ. Қызуды түсіру үшін және ауруды жеңілдету үшін парацетамол немесе аспиринді қабылдаған дұрыс. Баланы жеңіл әрі құнарлы аспен тамақтандырыңыз және ауызын шайғызып тұруыңыз қажет (тазалықта ұстаған дұрыс).

Асқынып кету

Аурудың бірінші аптасынан кейін үлкен адамдарда немесе 11 жастан асқан балаларда іштің төменгі жағы ауыруы немесе ер адамдарда аталық үрық безінің ісінуі мүмкін. мұндай ісіктері бар адамдар абыржымай, ауруды жеңілдетіп ісікті азайту үшін сол жерге суық компресс, мұз кесегін немесе ылғал шүберек басуы керек Егер менингит белгілері пайда бола бастаса, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Дереккөздер

  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}