Парламенттік иммунитет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына

Парламенттік иммунитет — депутатты оның барлық әрекеттері үшін, соның ішінде парламенттік міндеттерін атқару кезінде жасаған әрекеттері үшін де қамауға алып, сот алдында жауапқа тартуға тыйым салуды білдіреді. Депутатты өзі мүшесі болып табылатын палата ғана тиіспеушіліктен айыра алады. Депутат қылмыс жасап жатқан жерінде ұсталған жағдайда тиіспеушіліктің күші, әдетте, өзінен өзі жойылады (палата мұндай жағдайда тек қуғындауды тоқтата тұруы мүмкін). Егер парламент мүшесі өзіне тиіспеушіліктен айырылған болса, оның қылмысы палатаның тиісті шешімінде көрсетілмеген фактілер негізінде бағаланбайды. Парламенттік мандаттың мерзімі біткеннен кейін бұрынғы депутат бұрын жасаған, бірақ өзіне ешкімнің тиіспеушілігі арқасында қуғындалмаған әрекеті үшін сот алдында жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша (52-бап, 4-тармақ) Парламент депутатына оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын иммунитет берілген.