Парасимпатикалық жүйке жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Gray839.png
Парасимпатикалық жүйке жүйесі.

Парасимпатикалық жүйке жүйесі (парасимпатическая нервная система); (parasympathica systematis nervosi, Үлгі:Lang-la - маңы, systema — жүйе, nervus — жүйке) — қызметі автономды түрде іс жүзіне асатын жүйке жүйесінің бөлігі. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің жүйке орталықтары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның құйымшақ (сегізкөз) бөлімінде орналасады. Орталық жүйке орталықтарынан шыққан миелинді түйіналды (преганглионды) жүйке талшықтары жүйке ганглийлеріндегі мультиполярлы нейроциттерде аяқталып, жүйке толқындарын жеткізеді. Ганглий нейроциттерінің аксондары постганглионды миелинсіз жүйке талшықтары ретінде ганглийлерден шығып, ішкі мүшлердегі етті қабықтар мен етті қабаттарды және бездерді жүйкелендіреді. Интрамуральды парасимпатикалық жүйке түйіндері (ганглийлері) тым майда болып келеді. Оларды тек микроскоппен ғана көруге болады. Интра-муральды парасимпатикалық жүйке түйіндері жүйкелендіретін мүшелердің қабырғаларындағы кілегейлі, етті, сірлі қабықтар аралықтарында орналасады. Бұлардың преганглионды жүйке талшықтары ұзын, ал постганглионды жүйке талшықтары қысқа болып келеді. Парасимпатикалық жүйкелену тері тамырларында, тер бездерінде, түк бұлшықеттерінде, бүйрекүсті безінде, көкбауырда, бұлшықеттерде болмайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Парасимпатикалық жүйке жүйесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}