Параллелизация-салыстыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Сәйкестендіру "терминінің синонимы.

Қойнауқаттарды салыстыру

Қойнауқаттардың геологиялық көнелігі тұрғысынан бір-біріне сәйкес келетіндігін анықтау. Қ.С.-ның ең тиімді әдісі палеонтологиялық әдіс, яғни салыстырылып отырған қойнауқаттардағы организм қалдықтары кешенінің ұқсастығын тағайындау. Шағын ғана аумақтар ауқымында өзге әдістер де қолданылады, олар: қойнауқаттарды аяқтай сағалап көру әдісі; нақтылы қойнауқаттардағы танымал горизонттар, немесе қат-қабатталу ырғақтылығы сияқты өзіндік өзгешеліктерді саралау әдісі; бұл әдіс стратиграфиялық әдіс деп аталады; литологиялық әдіс тау жынысы қойнауқаттарының құрамын, түсін, т.б. ерекшеліктерін негізге алу шараларына сүйенеді; геоморфологиялық әдіс қойнауқаттардың жербедердегі даралану сипатын, олардың морылу өнімдерінің өзіндік ерекшеліктерін есепке алу шараларын негізге алады; геофизикалық әдіс бұрғылау ұңғымасы каротаждарының мәліметтерін, палеомагниттік деректерді саралауға негізделген; гидрогеологиялық әдіс қойнауқаттық сулардың мөлшері мен құрамы жайлы деректерді сәйкестіре саралайды; геохимиялық әдіс салыстырылып отырған қойнауқаттарды құрайтын тау жынысытар мен минералдардың құрам және құрылыс ерекшеліктерін саралайды. Синонимі— "қойнауқаттарды сәйкестендіру".<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}