Парадокс (математика)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Парадокс - қарама-қайшылықты математикалық сөйлем. Яғни, егер бір математикалық сөйлем ақиқат болатын болса, осыдан оның терістеуінің де ақиқаттығы шығады, немесе , осы сөйлемнің терістеуінің ақиқаттығынан сөйлемнің өзінің де ақиқаттығы шығатын болса, осындай сөйлемдерді парадокс деп атаймыз. 1900 ж. бері қарай жиындар теориясында 3 үлкен парадокс пайда болды:
- Рассел парадоксы (1903)
- Кантордың парадоксы (1899)
- Бурали –Форти парадоксы (1897):
Бұл парадокстер, әсіресе Расселдің парадоксы, сол кездегі математика әлемі мен логикада үлкен сілкініс әкелді. Математика тарихындағы үшінші реткі дағдарысты тударған еді. 1908 ж. Б.А.У. Расселдің типтер теориясы мен Е.Ф.Ф.Зермелоның(1871~1953) аксиомалық жиындар теориясы осы парадокстерді шешу үшін жасалған еді.