Парагрипп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Парагрипп - ауа тамшы жолымен жұғатын, интоксикациямен өтетін жоғарғы тыныс алу жолдарын, көбінесе көмейді зақымдап ларингит синдромымен өтетін жедел вирусты инфекция.

Этиологиясы

Қоздырғышы-парамиксовирустар тұқымдасқа кіретін, құрамында РНК-сы бар вирус. 4 серовары белгілі. Клеткаға цитолитикалық әсер етеді. Сыртқы ортада төзімді.

Паратұмау қоздырғышы парамиксовирустар тұқымдасына жатады. Бірқатарлы РНҚ дан тұрады, тұмау вирусы тәрізді гемагглютинит (Н) және нейтраминидаза (N) бар. Адамда 4 типті вирус ауру туғызады (1, 2, 3, 4). Қоршаған ортада вирус тұрақсыз. Бөлме темературасында 4 сағат ішінде өледі. Дезинфекциялаушы заттарға сезімтал.

Паратұмау эпидемиологиясы. Ауру көзі -науқас адамдар. Ауру тарату қабілеті 1 жұма бойы сақталады. Аурудың жұғуы ауа-тамшылы жолымен жүреді.

Эпидемиологиясы

Таралымы өте кең. Бірен саран оқиғалар және шамалы эпидемиялық өршулер түрінде кездеседі. Жалпы ЖРВИ табына үлес салмағы 16-30%. Аурудың көзі-ауру адам (вирусты 7-10 күн бойы шығарады). Тарау жолы-ауа тамшылы. Мерзімі күз-қыс айлары. Ауыратындар көбінесе балалар, әсіресе 1 жасқа дейін. Инфекцияны қабылдау мүмкіншілігі жоғары. Иммунитет-қысқа мерзімді.

Патогенезі

Вирус көмейдің шырышты қабаттарына тропты. Вирус ауамен көмейдегі эпителиальды клеткаларына көбейеді де, оларды қабындырып деструкциядан кейін вирус қанға өтіп, қысқа мерзімді вирусемия және токсинемия шақырып, соның әсерінен қызба мен интоксикацияны шақырады.Жұтылған ауа арқылы жоғары тыныс алу жолдарына кіре отырып, вирус цилиндрлі эпителийлерді зақымдап, олардың деструкциясын шақырады. Оның көрінісі шырышты қабаттың ісінуі, болбыр дәнекер тіндену және кеңірдек стенозы туындауы мүмкін. Вируссемия әлсіз байқалады, сондықтан интоксикация белгілері байқалмайды. Иммунитет тұрақсыз.

Патанатомиясы

Тыныс алу жолдарының (әсіресе көмейдің) шырышты қабаттарында лейкоцитарлы инфильтративті деструкциялық ошақтар қалыптасады.

Клиникасы

Парагрипп келесі клиникалық түрлерінде өтеді:

  1. грипп тәріздес
  2. ларингит, ларинготрахеобронхит
  3. пневмония

Ауырлығы бойынша:

  1. жеңіл
  2. орташа
  3. ауыр ағымда

Инкубациялық мерзім 1-7 күн. Орташа 2-3 күн. Клиникасында айқын 2 синдром:

  • интоксикация
  • катаральды (ларингит)

Интоксикациялық синдром парагрипте әлсіз түрінде өтеді. Сырқат көбіне біртіндеп катаральды белгілерден басталады-біраз мұрны бітеліп, немесе суы ағып, құрғақ жөтел мазалай бастайды. Одан кейін дауысы қарлығып, жөтел де қарлыққан түрге айналады. Жалпы тыныс ал жолдарының барлық бөліктері зақымданады, яғни трахеит, бронхит, бронхлоит, пневмония болуына тиісті.Инкубациялық кезең 1 ден 7 тәулікке дейін. Ауру уақыт өте келе басталады. Алғашы кездерде ауруға тамақ ауруы, дауыс өзгеруі, ит үрген тәрізді жөтел (лающий кашель), мұрын бітелуі, кейінен ринорея тән. Ересектерде дене температурасы қалыпты немесе субфебрильді. Кейде температураның аз уақытқа жоғарылауы байқалады. Балаларда дене температурасы жоғары болады. Жалпы интоксикация әлсіз байқалады. Оның көрінісі әлсіздік, миалгия, бас ауруы болады. Қарау кездінде ауыз-жұтқыншақ (ротоглотка) шырышты қабатының әлсіз немесе шамалы гиперемиясын анықтауға болады. Ларингит дамуына байланысты аурудың уақыты созылып, көп жағдайда 2 апатға дейінгі уақытты құрайды.

Паратұмаудың асқынулары өте сирек кездеседі. Көп жағдайда асқынуға балалар ұшырайды. Ауру асқынуы пневмония, отит, кеңірдек стенозы түрінде анықталады.

Асқынулары

  • көмей стенозы (жалған круп)
  • екіншілік инфекция қосылуы (пневмония, сиусит, отит, ангина т.б.)

Диагностика

  • серологиялық әдістер ГАТР, КБР, НР-жұпты сарысу арқылы қойылады
  • иммунофлюресцентті әдіс (ИФӘ) – вирус антигенін эпителиальды клеткалардан анықтау үшін.
  • Диф.диагнозы: гриппен және басқа ЖРВИ.

Диагностикасы. Паратұмаудың клиникалық диагностикасы аурудың басқа ЖРВИ инфекцияларына ұқсас болғандықтан қиындық келтіреді. Науқастағы жағдайының жақсы бола тұра айқын ларингит дамуы паратұмау жайлы күдіктенуге себеп болады. Лабараторлы тесттер ішінен мұрын шырышты қабатынан алынған жағындыдан вирус ангигенін анықтау, иммунофлюорисценция әдісі жатады. Қазіргі уақытта вирусологиялық және серологиялық диагностика әдістері ойлап табылған. Бірақ практикада олар көп қолданылмайды. Себебі, ретроспектвиті нәтижеге ие.

Емі

  • симптоматикалық
  • патогенетикалық
  • дезинтоксикациялық
  • аурудың соңы сауығу

Алдын алу

Дене шынықтыру. Спецификалық профилактикасы жоқ.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер


Паратұмауды емдеу
Паратұмау
Паратұмау
Паратұмау