Парагенезис әдістері
1.Ең алдымен минералогиялық-микроскоптық әдістен бір мысал келтірейік. Табиғи жағдайларда минералдар ассоциациясы бірнеше парагендік минералдар тобынан тұратынын білеміз. Кейбір жағдайларда бір минералдың өзі дүркін-дүркін пайда болуы, яғни бірнеше генерациялық болуы мүмкін. Бірінші генерацияда пайда болған минералдарды екінші генерация минералдарынан айырудың бірнеше белгілері бар. Солардың басты-бастысын қарастырайық.
- Бір минералдың ішіндегі жарығына екінші минерал кіріп толтыратын болса, жарылған минерал бірінші генерация минералы, ал оның жарығына кіргені екінші генерация минералы болады.
- Алғашқы генерация минералдары көбінесе толық формалы кристалл (идиоморф) түрінде, ал онан кейінгі генерация минералдары алғашқының араларын толтырған формада болады.
- Химиялық алмасу реакциясы жүргенде алғашқы генерация минералдарынан қалған қалдықтар екінші генерация минералдары арасынан табылады.
Минералдар арасындағы осы сияқты қатыстарды көбінесе микроскоп арқылы айырады. Микроскоптық әдіс дегеніміз осы.
2. Екінші әдіс—физикалық , химия теориялары мен геометриялық сызықтардың қасиеттеріне сүйенген әдіс. Оны парагендік диаграммалар әдісі деуге болады. Бұл әдіс минералогиялық фазалар ережесіне негізделген.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify