Паприкаш дин карне

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Паприкаш дин карне (молдаван тағамы). Кесектеп туралған етті қыздырылған табадағы майға салып, сырты қызарғанша қуырады. Мұнан соң басқа ыдысқа аударып салып, үстіне шамалы қуырған ұсақ пияз, ұн сеуіп, тұз, томат-пюре, ұнтақ қызыл бұрыш, туралған сарымсақ, аз мөлшерде сорпа немесе су құйып, қақпағын жабады да, табы шамалы отқа қойып, дайын болғанға дейін бұқтырады. Гарнир ретінде суға піскен картоп немесе көкөніс, ботқа немесе макарон беріледі.500 ғ сиыр етіне (сұрпы ет): 2 ас қасық ерітілген май, 3 бас пияз, 2 ас қасық томат-пюре, 1 ас қасық бидай ұйы, 1—2 тал сарымсақ, тұз бен ұнтақ қызыл бұрыш — татымына қарай.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub