Пампа
Пампа (Үлгі:Lang-es, кечуа тілінде - жазық, дала) – Оңтүстік Америкада Аргентина мен Уругвайдың едәуір бөлігін алып жатқан лесстен құралған субтропиктік жазық дала; Оңтүстік Американың қоңыржай белдеуінде Аргентинаның территориясын түгелімен дерлік алып жатқан кең байтақ жазық дала; солтүстігіңде – тропиктік ормандармен, Гранчако саванналарымен, шығысында – Атлант мұхитымен, оңтүстігінде – Патагония шөлейтімен, ал батысында – Анд тауларымен шектеседі. Пампаның шығыс аймақтары ылғалды, жауын-шашынның жылдық мөлшері - 800- 1000 мм.<ref>Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>
Пампа бұрын мал шаруашылығына кең пайдаланылып келді, соңғы уақытта көптеп егін шаруашылығына да игерілді. Оның шығыс жағында Оңтүстік Американың ең ірі бидай өндіру ауданына айналған құнарлы қара топырақты алқап орналасқан.<ref>Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.</ref>
Дереккөздер
<references/>