Палеонтологиялық әдіс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Палеонтологиялық әдіс - жер қабаты шөгінділерінің геологиялық салыстырмалы жасын, онда сақталған организмдер қазба қалдықтарына қарап айыру. Палеонтологиялық әдіс стратиграфия мәселелерін шешуге пайдаланылады. Бұл әдістің негізін құрушы ағылшын инженері У.Смит (1769-1839). Палеонтологиялық әдістің дамуына палеонтологияда эволюциялық көзқарасты бекіткен Ч.Дарвиннің еңбектері жағдай туғызды. <ref>Қазақ совет энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер