Палеогеотермика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай геологиясында: өткен геологиялық кезеңдер мен дәуірлердегі мұнай мен газ массаларын қалыптастырған және олардың жатындары түзілуін қамтамасыз еткен қойнаулық өңірлердің термикалық өрісін қалпына келтіру шаралары. Шөгінді таужыныстар жиынтығының өзге таужыныстармен көмкерілуі нәтижесінде бірте-бірте жер қойнауларына қарай тереңдей түсуі сол өңірлердегі температура көрсеткішінің де бірте-бірте өсуімен орайласатыны, ал мұның өзі жаңағы таужыныстар құрамындағы органикалық заттар есебінен мұнай-газ массаларының қалыптасу процесін және олардың бір өңірден екінші өңірге жылыстауын қамтамасыз ететіндігі түсінікті. П., міне, осы мәселелерді сараптауға тырысады. Бұл орайда. геологиялық термометр рөлін температураның өзгеруіне байланысты өзінің құрамы мен құрылымын өзгертетін әр түрлі минералдар атқарады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}