Пайдалы қазба қорларын жүйелеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пайдалы қазба қорларын жүйелеу – нақтылы кен орындарындағы пайдалы қазба корларын топтар мен категорияларға жіктеу принципі. Кен қоры екі топқа бөлінеді: кәделі қор және тастанды қор, кәделі қор — өндіріп алуы экономикалық тұрғыдан тиімді, ал тастан¬ды — тиімсіз қор. Алайда, қазіргі сәттегі тастанды кор келешекте кәделі қорға айналуы әбден ықтимал. Өзінің зерттелу дәрежесіне орай, кен қоры төрт категорияға жіктеледі: А, В, С, және С2. Алғашқы үш категорияға жататын кен қоры тау-кен өндірісін жедел жобалау және жасақтау істеріне негіз болып табылатын болса, С2 категориясы кеннің жақын кезеңдегі келешегі іспетті. Кейде кеннің болжамды немесе геологиялық қоры деген жалпылама түсінік те қолданылады <ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет, ISBN 5-615-01738-4</ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}