Пайдалы қазба қорларын есептеу
Пайдалы қазба қорларын есептеу . Жер қойнауындағы минералдық шикізаттың мөлшерлік және сапалық шамасын анықтау; төмендегі шараларды жүзеге асыруды қажет етеді: кенорынды жиектеу; кенорын қорын оның шаруашылықтағы маңызы, барлану дәрежесі, астасу ерекшеліктері, пайдалы қазба сапасы және өндірілу сипаты түрғысынан жүйелеу; кенорынның қоры есептелген блоктарын олардағы кен қабатының қалындығы, пайдалы құрамбөлік мөлшері т.с.с. ерекшеліктері тұрғысынан оқшаулау және осы оқшауланған блоктардың әрбіреуіндегі кен қорының мөлшерлік көрсеткішін өзіндік кескін-келбетін анықтау. П.Қ.Қ.Е. шаралары жалпымемлекеттік маңыздағы әрекеттер жиынтығы болып табылады, бұл әрекеттер іздеу-барлау жұмыстарымен орайлас жүргізіліп отырады; әсіресе кенорынды алдын ала және тиянықты барлау барысында жүргізілген есептеу жұмыстарының маңызы өте зор.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/>