Пайдалы қазба кен орындарын экономикалық тұрғыдан бағалау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенорынды игерудің шаруашылық маңызын және тиімділігін анықтау шаралары; минералдық шикізат базасының жай-күйін, оның шаруашылыққа қажеттілік дәрежесін, шикізатты игеру және өңдеу технологиясының даму барысын, әр түрлі аудандардың даму перспективасын және елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселесін есепке ала отырып, сол шикізаттардың әрбір түрі бойынша жеке-жеке анықталады. Сөз болып отырған бағалау шаралары техникалық-экономикалық көрсеткіштер кешені көмегімен анықталады, олардың ең бастылары: шикізаттың өндірістік қорының мөлшері; игеру кәсіпорнының жылдық өндірістік қуаты; шикізаттың өзіндік құны; кенорынды игерудің ұтымдылық көрсеткіші; игеруге кететін қаражат мөлшері; шыққан шығынды қайырып алу мерзімі; кенорынның бағалылығы.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}