Пайдалы қазба кендерін тектік түрғыдан жүйелеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пайдалы қазба кендерін тектік түрғыдан жүйелеу - кенді оның тегі, яғни пайдалы қазба түрінің жаралау тегі мен геологиялық және физакалық-химиялық жағдайы тұрғысынан жүйелеу принципі. Бұл жүйеге сәйкес кен орындары ірі-ірі екі топқа — эндотекті (гипотекті) және экзотекті кендер тобына жіктеледі. Эндотекті кендер планетамыздың ішкі өңіріндегі, яки терең қойнауларындағы энергиялар, ал экзотекті кендер жер бетінің сырт күштерден (мәселен, күннен) алған энергиясы есебінен қалыптасады. Эндотекті кендер өз кезегінде магматекті (магмалар әрекеті әсерінен қалыптасқан) және метаморфтекті (өзгеірстер есебінен қалыптасқан) кендер болып екі топқа бөлінеді. Магматекті кендер сегрегациялық ликвациялық және магмаізді кендер болып үш түрге, метаморфтекті кендер метаморфтанған және метаморфты кендер болып екі түрге, ал экзотекті кендер түйіртпек, қалдық және сүзбелі кендер болып үш түрге бөлінеді <ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет, ISBN 5-615-01738-4</ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}