Пайдалы қазбалардың сапалық сипаттамалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Барлық пайдалы қазбалар жер қыртысында әр түрлі физикалақ - химиялық жағдайларда қалыптасып, эндогендік және экзогендік геологиялық процестердің өзара әрекеттері мен ықпалының нәтежесі болып табылады.


Осының салдарынан олардың сапалық сипаттамалары әр түрлі және мынадай факторларға байлынысты: жаралу процестері мен олардың ерекшеліктеріне, жатыс жағдайларына, қоршаған таужыныстардың құрылымы мен құрамына (химиялық және минералдық), жер қыртысының кен денелері орналасқан бөлікшелері ауқымындағы құрылысы мен ерекшеліктеріне, жер беті бедерінің тілімденгендігіне және т.б.


Пайдалы қазбалардың сапалық сипаттамаларын зерттеудің барлау торабының параметрлерін анықтау үшін маңызы өте жоғары. Бұл параметрлерге геологиялық ақпараттың толықтығы мен анықтығы және де бардаудың ұзақтығы мен бағасы байланысты болды. Сонымен қатар сапа көрсеткіштерімен көпшілік жағдайда кен өндіруші кәсіпорының экономикалықкөрсеткіштері де байлынысты. Өйткені олардың көмегімен пайдалы компоненттердің саны, және минералдық шикізаттың байтылуы мен өңделуі анықталды.


Жалпы алғанда минералдық шикізаттың сапасы оның пайдалану сапаларына (қолдалынуына) сай келетінің, сақталғыштығы мен технологияылығын анықтайды. Пайдалы қазбалардың колданылуына байланысты қасиеттеріне (сипаттамасына) жататындар: заттық (минералдық және химиялық) құрамы, бітімдік-құрылымдық сипаттамалары, негізгі пайдалы компоненттердің мөлшері, ілеспе пайдалы компоненттердің мөлшері, зиянды компоненттердің мөлшері, кенорын немесе кен денесі ауқымынд пайдалы және зиянды компоненттердің таралуы.


Кен-рудалақ шикізаттың сапасы пайдалы минералдар мөлшерімен және олардың өнеркәсіптік пайдалану мумкіндігі мен жағдайларын білдіретін айрықша қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығын анықталады. Әр түрлі минералдық шикізаттың мұндай қасиеттеріне жататындар: алмастын түсті; кристалдық құрылымында ақаулардың болмау; асбест талшықтарының иілгітігі; ұзындығы мен қышқылға төзімділігі және т.б. Ең басты көрсеткіштері – МЕМСТ бойынша шикізаттың сорттылығы және әр сорттын шығымы.


Пайдалы қазбалардың сапасы олардың өнеркәсіптік мәнін анықтайтын физикалық – техникалық қасиеттері бойынша да бағаланады. Таабиғм тас құрылыс материалдары үшін мұндай көрсеткіштерге беріктігі, әсемдігі, блоктылығы және т.б. жатады. Көмірдің сапасын сипаттайтын негізгі қасиеттері – күлділігі, ылғалдығы, кесектілігі, минералдық қоспалар, күкірт пен фосфордың мөлшері, жылу бөлгіштігі.


Минералдық шикізатқа қатысты сақталғыштық қасиеттері ( жеткілікті ұзақ уақыт жатқан кезде өздерінің қасиеттерін өзгеріссіз сақтау қаблеті ) – моруға төзімділігі, нығыздалуға және өзбетінше жануға қабілеті және т.б. Бұл қасиет кеннің заттық құрамына, құрылымдық – бітімдік сипаттамаларына, сонымен қатар физиқалық – химиялық және физиқалық – механикалық қасиеттеріне байланысты болды.


Технологиялылық ( шикізаттың байытылуын және өңделеу ерекшеліктері мен жағдайларын анықтайтын қасиеттер) – байытылғыштық, флотациялану, түрпілік және т.б.- кеннің заттық құрамына, құрылымдық-бітімдік сипаттамаларын және физиқалық – механикалық қасиеттеріне байланысты.


«Пайдалы қазаның сапасы» деген түсінік мынадай әр түрлі көрсеткіштер комплексінен тұрады:

  1. заттық (минералдық және химиялық) құрамы;
  2. құрылымдық-бітімдік сипаттамалары;
  3. негізгі, ілеспе және зиянды компонентердің мөлшері;
  4. кенорын немесе пайдалы қазба денесі ауқымында құнды және зиянды компонентердің таралуы;
  5. физикалық- механикалық және физиқалық – химиялық қасиеттері.



Металл және бейметалл кендердің заттық құрама руда немесе құнды және оларға ілеспе бейруда немесе желілік минералдардың ара қатынасымен анықталады. Металл кендерде руда минералдар құнды металдардан тұрады (1.2-кесте), ал бейметалл кендерде – құнды минералдар құрамында металлоид элементтер болады немесе олардың өзі айрықша қасиеттеріне байланысты практикалық қызғушылыққа ие болады.


Әр түрлі кенорындарда руда минералдармен оларға ілеспе желілік минералдар арасындағы сандық қатынас кең ауықымда өзгереді. Мәселен, алтынды кварц желілерде алтынның үлесіне проценттің мындаған бөліктері ғана келсе, ал полиметалды рудаларда толығымен дерлік руда минералдардан тұрады.


Минералдардың басты бөлігінің құрамы бойынша рудалардың мындай типтері бөлінеді:

  1. сомтума немесе табиғи таза – мыс, алтын, платина сияқты сомтума металдар мен интерметалдық қосылыстар;
  2. сульфаттар – барий, стронций, кальций сульфаты;
  3. фосфаттар – апатит пен фосфорит бейметалл рудалары, сонымен қатар кейбір металдардың фосфаты;
  4. силикаттар – темір, марганец пен мыстың біршама сирек рудалары; кең тараған бейметалл қазбалар – слюда, асбест, тальк;
  5. галоидтар – минералдық тұздар мен флюорит.


Пайдалы қазбалар өздерінің өнеркәсіптік құндылығын және технологиялық қасиеттерін анықтайтын заттық құрамы бойынша табиғи типтерге және өнеркәсіптік сорттарға бөлінеді.
Пайдалы қазбалар типтерідеп олардың кеңістікте шоғырлану мүмкіндігін есекертін минералдық құрамы, бітімдік және құрылымдық ерекшеліктері бойынша бөлінетін табиғи турлестерін айтады. Өнеркәсіптік сорттарғы өндірілуі ұтымды және алынатын өнімнің қажет сапасын қамтамасыз ететін пайдалы қазбалардың бір немесе бірнеше табиғи типтері кіреді.