Пайдалы минералдардың кендегі сепкілдігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пайдалы минералдардың кендегі сепкілдігі — сепкілдік кендегі бағалы минерал түйіршіктері диаметрін көрсететін қасиет. Байыту әдісін таңдауда бұл қасиет маңызды рөл атқарады. Сепкілдігіне қарай кендер ірі, орта және ұсақ сепкілді болып бөлінеді. Ірі сепкілді кендер (0,5 мм-ден жоғары) тек гравитациялық әдіспен (егер бөлінетін минералдардың тығыздықтарының айырмашылығы жеткілікті болса), ал ұсақ сепкілді кендер (0,2 мм) тек флотациялау әдісімен байытылады. Орташа сепкілді кендерге гравитациялық және флотациялық әдістер біріктіріліп қолданылуы мүмкін. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}