Паиту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Марти́нью Ма́ртинш Мука́на (1982 жылы 5 шілдеде туған) - Паи́ту деген лақап атпен танымалдылыққа ие. "Ксанти" футбол командасы мен Мозамбик ұлттық футбол құрамасының футболшысы.

Өмірбаяны

Мапуту қаласында өмірге келген. Жасөспірім шағында Лиссабондағы "Спортинг" футбол жастар құрамасында ойнады. Негізгі құрамда 2003 жылы ойнады, бірінші кезеңде аз ойнады да, 2004/05 кезеңінде футбол алаңында ойнауға жиі шығып тұрды. Екі рет қатарынан Португалдық "Спортинг" командасында үшінші орын жүлдегері болады. 2006 жылдың қаңтарында Марко Канейроның келуімен Паиту командадан ығыстырылады. Кейін, жарты жылға «Витория» командасына жалға беріледі. Шамалы ойынының нәтижесінде, жоғарғы дивизионнан түсіп қалады. Сәтсіз мансаптың әсерінен алдымен, испандық "Мальорка" командасына, кейін Брагалық "Спортинг" командасында ойнайды. Алайда, ол команда да ойнаған кезінде алаңға өте жиі шыққан (бір кезеңде 4 матч). 2007 жылдың жазында «Сьон» командасына ауысады да, Паи́тудың табысты мансабы басталады. 2008/09 жылдарда Швейцария жүлдесіне (кубок) ие болады. 2010 жылы «Ксамакс» футбол командасымен келісім - шартқа отырады.

Жетістіктері

Сілтемелер