Павлодар уезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет


1. Павлодар уезіСемей облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бөлік. Патша өкіметі 1868 ж. 21 қазанда бекіткен “Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының Далалық облыстарын басқару туралы Уақытша Ережеге” сәйкес құрылған. Павлодар Уезін негізінен Орта жүздің уақ, арғын, найман, қыпшақ тайпаларының рулары мекендеді. Халқының саны 1883 ж. 113 567, 1909 ж. 204 680 адамға жетті. Павлодар Уезі 1886 ж. 16, 1909 ж. 18 болысқа бөлінді. Уезде Покров, Никольский жәрмеңкелері (1 қарашадан 1 желтоқсанға дейін) жұмыс істеді, тас көмір, мыс және тұз кендері болды. Кеңес өкіметі кезінде 1919 – 21 ж. Омбы губернатырының, 1921 – 28 ж. Семей губубернаторының құрамында болды. 1928 ж. таратылды.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, V-том</ref>


2. Павлодар үйезіРесей империясының Семей облысы құрамындағы әкімшілік-аймақтық бірлік. Орталық – Павлодар үйездік қаласы.

Павлодар үйезі 1868 жылы 21 қазанда Баянауыл бөліктерінен және Ақмола сыртқы округы бөлігінен, оң жағалауда Тобыл және Томск губерниясы бөліктерінен құрылды. Үез болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді.

XIX ғасырдың аяғында Павлодар үйезінде 16 көшпелі болыс болды.

1905 жылы Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін, үйезге Орталық Ресейден шаруаларды көшіру басталды. Көшіп келушілер өз ауылдарын, болыстарын құрай бастады.

1920 жылы 26 тамызда РКФСР ЖОСК декретімен Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды, оның құрамына Павлодар үйезі де кіру керек еді. Біраз уақыттан кейін (1921 жылғы 27 ақпан) Павлодар үйезі (31 болыс) Омбы губерниясынан Қазақстан Республикасының құрамына берілді. 1928 жылы үйезде 50-ден аса болыс болды.

Болыс басында болыстық басқармалар тұрды. Кейін олардың орнын Кеңес үкіметі кезінде болыстық атқарушы комитеттің төрағалары басты.

1928 жылы 17 қарашада жаңа экономикалық құрылысқа ауылды кеңестіруге байланысты Павлодар үезі өзгертілді. Үйезден құрамында 9 ауданы бар Павлодар аймағы құрылды.

Павлодар үйезінің болыстары

Шаруа қоныс аударушылар

Александровск, Баянауыл, Беловодск, Белоцерковск, Богдановск, Вознесенск, Галкинск, Голубовск, Ермаковс, Ертіс, Лебяжі, Марковск, Михайловск, Новоалексеевск, Новоивановск, Орловск, Павлодарск, Песчанск, Рождественск, Романовск, Татьяновск, Украинск, Урлютюбск, Фёдоровск, Ямышевск.

Қазақ көшпелі ауылдары

Ақкөл, Алтыбай, Атакөзі, Басқұдық, Баянауыл, Белоцерковск, Бескарағай, Бестау, Далба, Жәдігер, Жалаулы, Калмаққырған, Қарамола, Қараоба, Коряковск, Қуатқалы, Қызылағаш, Қызылтау, Майгүл, Маралды, Мұздыкөл, Орловск, Павлодарск, Сейтен, Тереңкөл, Өрік, Шақнан, Шідерті. <ref>1. Павлодар облысының мұрағаттық қызметі. Айтулы даталар күнтізбесі </ref>.

Дереккөздер</span>

<references/>

Әдебиет

Павлодар. Павлодарская область. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Казахстан, А-А., 1969 (Павлодарское Прииртышье)

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Павлодар уезі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}