Павлодар Облыстық Мемлекеттік Архиві

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Павлодар Облыстық Мемлекеттік Архивіғылыми-құжаттық мекеме.

  • 1928 жылы Павлодар окр. архиві болып құрылған.
  • 1931 жылы окр. әкімшілік-аумақтық бөлік жойылғаннан кейін архив таратылып, ондағы материалдар Қазақ КСР-і Орталық архивінің Семей бөлімшесіне берілді.
  • Аудандвық архив және аумақтық межеге сәйкес Семей архивінен бөлінген құжаттар негізінде 1938 жылы Павлодар Облыстық Мемлекеттік Архиві болып құрылды. Архив қорында өлке тарихы, оның зерттелу, игерілу кезеңдері, өнеркәсіп орындарының ашылуы, т.б. жайлы деректер сақталған. Павлодар облысындағы қазақ халқын отырықшылдандыру, ұжымшарлар мен МТС-тар ұйымдастыру, тың игеру, өнеркәсіп, көлік, энергетика, құрылыс, мәдениет, оқу-ағарту, денсаулық сақтау салаларының дамуын сипаттайтын құжаттар шоғырланған. Архивте Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы туралы деректер, жаңа құрылыстар мен еңбек озаттарының, т.б. фото суреттері сақтаулы. Павлодар Облыстық Мемлекеттік Архивінің Павлодар және Ақсу қалаларында бөлімшелері жұмыс істейді.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}