Павлодардың екі сыныптық орыс-қазақ училищесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Павлодардың екі сыныптық орыс-қазақ училищесі - оқу орны. Банкротқа ұшырап, Мәскеу қаласына қоныс аударган көпес А.И.Деровтың сыйға тартқан екі қабатты меншік үйінде 1909 жылы 2 басқышты бастауыш мектеп ретінде ашылған.

Осы оқу орнында Н.Е.Алексеев, Ә.З.Сәтбаев, Г.В.Терентьев, А.Барлыбаев, Я.И.Овсянников, тағы басқалары мұғалімдер сабақ берген. Мұнда кезінде жазушы Ж.Аймауытов, мұғалім П.Жүсіпбаев, тілші-ғалым Ж.Досқараев, мал дәрігері Ж.Әбдіхалықов, дәрігер X.А.Барлыбаев, тағы басқалары оқыған. 1911-14 жылы аралығында Қаныш Сәтбаев та осы мектепте 3 жыл бойы оқып, барлық пәндер бойынша үздік оқуы нәтижесінде мерзімінен бір жыл бұрын бітірген. 1970 жылы училище ғимаратының қабырғасына ұлы ғалымға арналып, мемориялдық тақта орнатылды. Сәтбаевтың ғылыми әріптесі, биолог И.К.Фортунатовтың естелігінде (М.Сәрсекенің жеке қорында сақтаулы) ғалымға жас күнінде сабақ берген ұстаздары жайында: «Өте ізетті, білімдері терең және соны бізге дарыта білген сұңғыла жандар еді. Ең ғажабы, олар шәкірттеріне талапты қатаң ұстады, алдарынан көлденең өтуге именетінбіз, сөйте тұра ерекше сыйлайтын едік...» - деп сыр шертеді. Нақ осы іспеттес сөздер ғалымның ұстазы Алексеевтің Павлодар облысы өлкетану мұражайында сақтаулы «Шәкіртім Қаныш Сәтбаев туралы» деп аталатын ұзақ естелігінде де айтылған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Павлодардың екі сыныптық орыс-қазақ училищесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}