Оңғарбек Бердібаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бердібаев Оңғарбек(7.11. 1911, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы – 7.1.1972, Алматы) – дерматолог-ғалым, медицина ғылым докторы (1955), профессор (1956), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961). Қазақ медецина институтын (қазіргі Алматы мемлекеттік медецина университеті ) бітірген (1937). 1937 – 46 жылы сол институтта тері-венерология кафедрасында ординатор, ассистент, доцент, 1946 – 52 жылы Қазақстан Өлкелік патология институтында директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры, микология секторының меңгерушісі. 1952 – 56 жылы Қазақ тері-венерология ғылым-зерттеу институтының директоры, 1956 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы мемлекеттік медецина институтында кафедра меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері таз ауруларын емдеуге арналған. Тері-венерология (трихофития, микроспория) ауруларын емдеу әдістерін табуға елеулі еңбек сіңірген Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оңғарбек Бердібаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}