Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты - 1926 жылы 1 қазанда Сырдария мұрағат бюросы құрылды. Бұл қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы енген Сырдария губерниясы 1924 жылы құрылғаны оның орталығы Шымкент қаласы болып тарихта белгіленді.<ref name="source1">“Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІХ том</ref>

Тарихы

Алған Оңтүстік мемлекеттік мұрағатында небәрі 4 сөре бөлініп, онда 1 меңгеруші мен 1 ғана архивариус жұмыс істеді. Соныман Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының іргесі қаланды. Содан бері мұрағат қызметі қалыптасу, өсу, даму кезеңдерін бастан кешірді. мұрағат құрылған сәтте 4 сөреге жиналған 13 қор қазір 3850 –дей қор, 1млн 500 мың іске жетті. 1917 жылдан бастау алатын осы баға жетпес құнды құжаттар облыстың әр кезеңіндегі тарихынан сыр шертеді. 1917 жылы уақытша өкіметінің орнауы, әйгілі қазан революциясы Кеңестер одағының дүниеге келуі, 1924-1925 жылдарғы Орта Азия мен Қазақстан Республикаларының ұлттық мемлекеттік межеленуі, артельдер, мен серіктестіктердің ұйымдастырылуы, Одақтық маңызы бар алып өнеркәсіп орындардың салынуы, Мырзашөлді игеру, репрессия, Ұлы Отан Соғысы, халық шаруашылығының қалпына келтіруі, Бөген, Шардара, су қоймаларының салынуы, тәуелсіздікке ие болу саяси, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру тағы басқа құжаттар бар.

Облыс орталығында жалпы алаңы 4264 шаршы метр ғимаратта мұрағат орналасқан. Бұл мұрағат ғимараты ТМД елдерінде санаулы.

Мұрағат қорына шолу

Сурет:Fondos archivo.jpg
Мұрағат қоры

Облыс мұрағатшылары Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамс бөлігі болып табылатын мұрағат қорын жастарға кеңінен таныстыру, оны ел мүддесіне ұтымды пайдалана білу бойынша да жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыруда. Мәселен, 2005 жылы облыстық мұрағатта 14 экскурсия ұйымдастырылып, 10 мектепте дәрістер оқылды.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мұрағат ісіне де өз әсерін тигізуде. Мәселен, Одақ кезінде мекемелер негізінен, мемлекеттік болды және олардан құжат қабылдаудың жылдар бойғы қолайлы механизмі қалыптасты. Яғни мемлекеттік мекемелер мұрағаттармен тығыз байланыста болып, мерзімі жеткен құжаттарды мемлекеттік сақтауға дер кезінде өткізіп отырды. Оның үстіне, Кеңестік дәуірде мұрағат ісін реттейтін арнайы заң қабылданбағанымен, құжаттарды ғылми-техникалық өңдеуден өткізу, мемлекеттік сақтауға тапсыру тәртібін және құжаттардың толықтығын қамтамасыз етуде мекеме басшыларының жауаптылығын анықтау жөнінен қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің ықпалы айтарлықтай болды.

Ал өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан, еліміз тәуелсіздікке ие болғаннан бастап экономикада түрлі меншік нысандары пайда болуы мекемелерден құжат қабылдауы қиындатып жіберді. Тіпті мемлекеттік органдардың өзі құрылымдық өзгерістерге ұшырау барысында құжаттарын сараптаудан өткізу, басшылары ауысқан жағдайда құжаттарын бір біріне акт арқылы беру талаптарын сақтамайды. Нәтижесінде, түрлі деңгейдегі әкімдіктерден бастап, басқа да мемлекеттік құрылымдарда құжат жоғалту фактілері орын алуда.

Сонымен бірге, мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын қазіргі азманға сай жарақтау да алдағы уақыттың еншісінде. Бұл ретте құжаттардың шағын көшірмелерін пленкаларға түсіруге арналған технкиамен, бейне-бақылау құралдарымен, құжзат сақтайтын бөлмелерде қазіргі заманғы температуралық-ылғалдылық режимін бақылау құралдарымен жарақтаандыурды, Шымкент, Түркістан қалалық мұрағаттарына арнайы ғимарат салуға, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби мұрағаттарына ғимарат сатып алуға қол жеткізуді жоспарлап отыр.

Қорлардың құрамын құнды құжаттармен толықтыра түсу бағытында республикалық деңгейде тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіп келеді. Мәселен, 2004 жылдан бастап Қазақстан мен Өзбекстан республикалары арасындағы өзара келісімге сәйкес «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде «Өзбек дереккөздеріндегі Қазақстанның оңтүстік облыстарының тарихына» қатысты Өзбекстан Орталық мемлекеттік және Ташкент облыстық мұрағаттарының құжаттарына зерттеу жүргізіліп келеді. 2004-2006 жылдар аралығында жоғарыда аталған мұрағаттарда Қазақстан тарихына қатысты 25 қор зерттеліп қаралды. Өзбекстаннан әкелінген құжаттардың есебінен Оңтүстік Қазақстан облыстың мұрағат қоры қазақ тарихына қатысты өте құнды қорлармен толыға түсті. Қазақстан үшін де, Қазақстанның тарихы үшін де аса маңызды да қажетті мұндай игілікті шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.<ref name="source2">Оңтүстік Қазақстан облысындағы мұрағат қызметінің 80 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға дайындалған мақалалар мен баяндамалар Жинағы, Шымкент, 2006 жыл.</ref><ref name="source3">Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезеңіндегі мұрағат ісінің дамуы. Баекеева Б.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}