Оңтүстік Қазақстан облысының кітапханалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Компания Оңтүстік Қазақстан облысының кітапханалары Үлгі:Lang-ru Үлгі:Start citation «Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен – кітап мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады» Үлгі:End citation

Мазмұны

Оңтүстік Қазақстан облысының кітапханалары

Оңтүстік Қазақстан облысының кітапханалары

А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

1899 жылы А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ашылған. Қазіргі таңда – бұл:

  • жарты миллиондық қоры бар,
  • жыл сайын 25 мыңнан артық оқырмандарға қызмет көрсетеді,
  • 500 мыңдай басылымдар беріледі;
  • кітапханалық және ақпараттық қызмет саласындағы үлкен жұмыс тәжірибелері;
  • жоғары білікті мамандар;
  • пайдаланушылардың ақпараттық сұранымын қанағаттандыру және оларға өте зор көңіл бөлу.

Пайдаланушылар қызметіне:

  • Каталогтар залы,
  • Ақпараттық – библиографиялық бөлім,
  • Электронды ресурстар залы
  • Оқу залдары,
  • Шет тіліндегі әдебиеттер бөлімі
  • Мерзімді басылымдар залы

А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы барлық оқырман категорияларына арналған көпшілік кітапхана болып табылады. Оның негізгі бөлігін: қызметкерлер, студенттер, оқытушылар, жұмысшылар мен зейнеткерлер құрайды. Сондықтан құрамына кітаптар, брошуралар, мерзімді басылымдар мен ақпаратты электронды тасымалдаулар енетін әмбебап қор қалыптасқан. Бұлар классикалық әлем және қазіргі кездегі көркем (отандық және шетелдік) әдебиеттер, салалық және анықтамалық басылымдар.

Қ. Рысқұлбеков атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасы

Сурет:Ы. Алтынсарин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар кітапханасы.jpg
Қ. Рысқұлбеков атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасы

Облыстық жасөспірімдер кітапханасы – ағарту, білім беру, ақппарат орталықтарының бірі болып табылады. Кітапхана 1978 жылы ашылған, оның құрылымы:

  • қорды толықтыру және өңдеу бөлімі;
  • қызмет көрсету бөлімдері: оқулық әдебиеттің залы, мерзімді басылымдардың оқу залы, абонемент;
  • әдістеме – библиографиялық бөлім;
  • кітап сақтау бөлімі;
  • жаңа технология және автоматизация секторы.

Басымды бағыттары:

  • жасөспірімдердің, жасөспірімдер тәрбиешілерінің, ұстаздардың сұраныстары мен қызығушылықтарына сәйкес кітапхананың ақпараттық қорын қалыптастыру, ұйымдастыру, қолдану;
  • жастардың оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру және ынталандыру;
  • жасөспірімдерге кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелері жөнінде облыс кітапханаларына әдістемелік, кеңестік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
  • кітапханалық қызметтің инновациялық түрлерін енгізу және дамыту
  • жастарға азаматтық – құқықтық, отансүйгіштік, экологиялық тәрбие беру;
  • кітапханаларды қолдау мен оқуды көпшілікке тарату мақсатында кітапхана, оқу

орындары, БАҚ күшін, шығармашылық одақтарды, жергілікті әкімшілік өкілдерінің мүмкіндіктерін біріктіріп үйлестіру.

Ы. Алтынсарин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар кітапханасы

Үлгі:Start citation«Бұл жерде сізді ықыласпен күтіп аялап, көмек көрсетуге әзір!» Үлгі:End citation

Сурет:Ы. Алтынсарин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар кітапханасы сырткы корінісі.jpg
Ы. Алтынсарин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар кітапханасы

1961 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Оңтустік Қазақстан облыстық балалар кітапханасының негізі қаланып, 1976 жылы казақтың ұлы ғалымы, фольклорист, педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді. Балалар кітапханасы - білім беретін, бос уақытты тиімді пайдаланатын, ақпараттық және коммуникативтік орталық. Кітапхана құрылымы 7 арнайы бөлімнен және 3 сектордан тұрады. Белсенді жас пайдаланушылар үшін «Жас оқырман», «Балапан», «Өркен», «Музыкальный перекресток», «Академия юного художника» қызығушылық клуб-үйірмелері жұмыс істейді. Кітапханада жанұяға отбасылық оқуды насихаттау мақсатында «Кітап және жанұя» атты бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарламаның негізгі бағыттары: болашақ және жас аналар үшін ақпараттар жиынтығы; отбасылық оқу мен бос уақытын тиімді пайдалану; кеңес беру курсын құру. Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы балаларға қызмет ететін облыстағы кітапханалар үшін әдістемелік-библиографиялық орталық болып табылады. ОБК жыл сайын 180 мың рет кітапханаға келетін 20 мың пайдаланушыларға қызмет көрсетеді. Оларға жыл сайын 460 мыңнан аса түрлі құжаттар беріледі. Облыс бойынша балалар оқырмандары - 174,7 мың, кітап берілімі - 3322,5 мың.

Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана

1969 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың негізі қаланған. Қазіргі уақытта кітапхананың қоры 107 мыңнан астам бірлікті сақтауды және де жан – жақты сипаттаманы ұстануда, сондай-ақ кітаптар білімнің әртүрлі салалары бойынша қамтылған. Кітапхана өз оқырмандарына жыл сайын 250 ден астам газет - журналадардың аталымын ұсынады. Кітапхана қорында БНШ / бедерлі-нүктелі шрифттегі кітаптар үндендірілген, жазық баспалы кітаптар, бедерлі-графикалық құралдар және кіші қалыпты мүсіндер. Кітапханаға жыл сайын 3500 мыңнан аса оқырман келеді. Бұлар көзі көрмейтіндер және әлсіз көретіндер, олардың отбасының мүшелері, сондай-ақ, көзі көрмейтін адамдармен жұмыс бабымен байланысты арнайы мамандар.

Сурет:Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана.jpg
Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретіназаматтарға арналған арнайы кітапхана

Бүгін облыстық арнайы кітапхана облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, оқырмандармен бірге тәжірибелі мамандар оқырмандарға қажетті ақпараттарды тауып беруге әрдайым әзір тұрады. Жыл сайын филиалдар мен кітапхана пункттерінің қызметкерлері облыстық арнайы кітапханада өтетін семинарларда, стажировкаларда өз кәсіби біліктіліктерін көтеріп тұрады. Кітапханада белсенді техникалық модернизация кезеңі жүргізілуде, кітапхана қызметіне компьютерлік технология енгізілген. Дыбыс жазу студиясы үндендірілген кітаптарды шығаруда, ақпаратты басылым бөлімі-брайльша басылымдарды шығару бойынша кітапхананың ерекше мақтанышы болып отыр. Жыл сайын 50 ден аса кітап аталымы осы бөлімдерден шығарылады. Негізінде бұл өлкетану, көркем және белгілі ғылыми әдебиеттер.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Арыс орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Арыс аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 14 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 орталық кітапхана, 12 ауылдық кітапханалар. Жүйенің жалпы қоры 180.0 мың данадан асады. Кітапхана жыл сайын – 13,0 мыңнан аса оқырманға қызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 250,0 мыңнан тұрады. Аудандық орталық кітапханасы және Байырқұм ауылдық кітапханасы Интернетке қосылған, орталық кітапханада РАБИС бағдарламасы орнатылған.

Сурет:Бәйдібек орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.jpg
Арыс орталықтандырылған кітапханалар жүйесі орталык жуйесі

Кітапхана жыл сайын 13.0 мың оқырмандарға қызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 250.0 мыңнан тұрады. Кітапханалар жүйесінде «Ата мұра», «Отбасы», «Саясат», «Тәрбие» мүдделес клубтары жұмыс істейді.

Бәйдібек орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Бәйдібек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша қазіргі таңда аудан бойынша 25 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 орталық кітапхана, 23 ауылдық кітапханалар. Жүйенің жалпы қоры 173.0 мың данадан асады. Кітапхана жыл сайын 17,5 мың оқырмандарға қызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 215.0 мыңнан тұрады. Сонымен қатар, аудандық орталық кітапхана Интернетке қосылып, РАБИС бағдарламасы жұмыс жасайды. Кітапханалар жүйесінде «Ақ отау», «Жалын», «Ақ босаға», «Болашақ» мүдделес клубтары жұмыс істейді.

Кентау орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Кентау каласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 8 кітапхана халыққа кызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 орталық кітапхана, 5 қалалық, 1 ауылдық кітапханалар. Жүйенің жалпы қоры 278.0 мың данадан асады. Кітапхана жыл сайын 19.0 мың окырмандарға қызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 495.0 мыңнан тұрады. Кітапханалар жүйесінде «Атамекен», «Шаңырақ», «Аяла жасыл желекті» мүдделес клубтары жұмыс істейді.

Мақтарал орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Мақтарал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 35 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 орталық кітапхана, 4 аймақтық, 29 ауылдық кітапханалар. Жүйенің жалпы коры 582.0 мың данадан асады. Кітапхана жыл сайын 32.0 мың окырмандарға қызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 614.0 мыңнан тұрады.

Сурет:Мақтарал орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.jpg
Мақтарал орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Кітапханалар жүйесінде «Самал», «Негеш», «Сырласу» мүдделес клубтары жұмыс істейді.

Ордабасы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 31 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 орталық кітапхана, 29 ауылдық кітапханалар. Жүйенің жалпы қоры 172.0 мың данадан асады. Кітапхана жыл сайын 21.0 мың оқырмандарға қызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 326.0 мыңнан тұрады. Кітапханалар жүйесінде «Асыл қазына», «Шаңырақ» мүдделес клубтары жұмыс істейді.

Отырар орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Сурет:Отырар орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.jpg
Отырар орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Отырар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 22 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Онын ішінде 2 орталық кітапхана, 20 ауылдык кітапханалар. Жүйенің жалпы коры 235.0 мың данадан асады. Кітапхана жыл сайын 16.0 мың оқырмандарға қызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 293.0 мыңнан тұрады. Кітапханалар жүйесінде «Сөз шеберлері», «Алтын қазына» мүдделес клубтары жұмыс істейді.

Сайрам орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 23 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 орталық кітапхана, 21 ауылдық кітапханалар. Жүйенің жалпы қоры 376.0 мың данадан асады. Кітапхана жыл сайын 23.0 мың оқырмандарға кызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 427.0 мыңнан тұрады. Кітапханалар жүйесінде «Ақ әже», «Дидарласу», «Ақ бұлақ» мүдделес клубтары жұмыс істейді.

Сарыағаш орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 71 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 орталық кітапхана, 1 аймақтық кітапхана, 68 ауылдық кітапханалар. Жүйенің жалпы қоры 630.0 мың данадан асады. Кітапхана жыл сайын 55.0 мың оқырмандарға қызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 745.0 мыңнан тұрады. Кітапханалар жүйесінде «Шаңырақ», «Тәрбие отауы» мүдделес клубтары жұмыс істейді.

Созақ орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 18 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 орталыкқ кітапхана, 16 ауылдық кітапханалар. Жүйенің жалпы қоры 330.0 мың данадан асады. Кітапхана жыл сайын 18.0 мың оқырмандарға қызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 339.0 мыңнан тұрады. Кітапханалар жүйесінде «Жұлдыз», «Атамекен» мүдделес клубтары жұмыс істейді.

Төлеби орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Сурет:Төлеби орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.jpg
Төлеби орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 33 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 орталық кітапхана, 3 қалалык, 28 ауылдық кітапханалар. Жүйенің жалпы қоры 422.0 мын данадан асады. Кітапхана жыл сайын 33.0 мың оқырмандарға қызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 366.0 мыңнан тұрады. Кітапханалар жүйесінде «Шаңырақ»,«Хозяюшка» мүдделес клубтары жұмыс істейді.

Түлкібас орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 24 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 орталық кітапхана, 22 ауылдық кітапханалар. Жүйенің жалпы қоры 402.0 мың данадан асады. Кітапхана жыл сайын 16.0 мың окырмандарға қызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 359.0 мыңнан тұрады. Кітапханалар жүйесінде «Ата мұра», «Жас эколог», «Ата салты», «Табиғатым тағдырым» мүдделес клубтары жұмыс істейді.

Түркістан орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Түркістан калалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 42 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 орталық кітапхана, 8 қалалық, 32 ауылдық кітапханалар. Жүйенің жалпы қоры 578.0 мың данадан асады. Кітапхана жыл сайын 49.0 мың оқырмандарға қызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 917.0 мыңнан тұрады. Кітапханалар жүйесінде, әр филиалда «Сыр сандык», «Сырласу», «Сенім», «Бойжеткен», жалпы 38 мүдделес клубтары жұмыс істейді.

Шардара орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 16 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 орталық кітапхана, 2 қалалық, 12 ауылдық кітапханалар. Жүйенің жалпы қоры 316.0 мың данадан асады. Кітапхана жыл сайын 13.0 мың оқырмандарға қызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 322.0 мыңнан тұрады. Кітапханалар жүйесінде «Туған өлкем», «Өнерпаз» мүдделес клубтары жұмыс істейді.

Шымкент орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Сурет:Шымкент орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.jpg
Шымкент орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Шымкент қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 29 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 орталық кітапхана, 27 қалалық филиалдар. Жүйенің жалпы қоры 800.0 мың данадан асады. Кітапхана жыл сайын 92.0 мың оқырмандарға қызмет көрсетіп, ондағы кітап берілімі жылына шамамен 1802.0 мыңнан тұрады. Кітапханалар жүйесінде «Ой толқын», «Таным» мүдделес клубтары жұмыс істейді.

Әдебиеттер тiзiмi

  • Оңтүстік Қазақстан облысының кітапханалары. — Шымкент, 2007.
    • Қ.Рысқұлбеков атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасы
      • Алишева И. Тағлымы мол кеш: [Халықаралық әйелдер күніне орай] /И. Алишева //Рейтинг.- 2013. — 14 наурыз. — 2 б.
      • Диханбаева Н. Даланың дара тұлғасы /Н. Диханбаева //Алтын қазына. — 2013. - 1— 15 ақпан. - 6 б.
      • Кітапқа құштарлық кемімейді //Рейтинг. — 2011. — 6 қазан. — 12 б.
    • Ы. Алтынсарин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар кітапханасы
      • Баһадүр Ж. Балалар кітапханасына - жарты ғасыр: [Облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасына 50 жыл] /Ж. Баһадүр //Оңтүстік Қазақстан.— 2011. — 15 қараша. — 3 б.
      • Жақсылықова А. Кітапхана - қоғам дамуының қайнар көзі /А. Жақсылықова //Оңтүстік рабат. — 2011. — 16 қараша.—- 7 б.
    • Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана
      • Зағиптардың зары аз ба?: [облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана жайлы] // Оңтүстік Қазақстан. — 2009. — 25 шілде.— 5 б.
    • Арыс орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
      • Тұрғынбаева Ұ. Зағип жандарда тағы бір қуаныш: [Арыс ауданынан ашылған арнайы кітапхана туралы] / Ұ. Тұрғынбаева //Алтын қазына. — 2012. — 15-31 тамыз. — 7 б.
    • Бәйдібек орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
      • Баһадүр Ж. Ән мен жырдың мекені..: [Бәйдібек ауданы мен Созақ ауданының мәдени жұмыстар туралы] / Ж. Баһадүр //Оңтүстік Қазақстан. - 2012. - 13 шілде. - 8 б.
      • Екі ғасыр тынысы: Ұжымдық жинақ. - Алматы: ҚАЗақпарат баспасы, 2003. - 298 б.
      • Есенжолов, Ә. А. Өнері өркенді өңір: [Мәтін] /Ә.А.Есенжолов; [Кітапты әдеби өңдеп, баспаға дайындаған Қалаубай Б. Е.]. - Алматы:Нұрлы әлем, 2010. – 208 б.
    • Кентау орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
      • Тарих тамшылары = Капли истории: Кентау -50: [Текст] /Авт.- сост.: Л.Шпилянская, В.Хаев.- Кентау: Еркин и К-ХХІ, 2005.- 299 с.
      • Тарих тамшылары = Капли истории: Кентау – 55: [Текст] /Авт.-сост. Л.Шпилянская, В.Хаев.- Кентау: Еркин и К-ХХІ, 2010.- 355 с.
    • Мақтарал орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
      • Баһадүр Ж. Жүрекке жылу, жанға азық керек /Ж. Баһадүр //Оңтүстік Қазақстан. - 2011. - 27 қазан. - 3 б.
    • Ордабасы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
      • Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі: [Мәтін] /Г.Батыр, Ұ.Абилова /Әдістемелік құрал. - 2010ж. - 15б.
    • Отырар орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
      • Қалман Есіркеп. Ең ұлы қазына –жақсы кітапхана: [Мәтін]: [аудандық орталық кітапханаға 60 жыл] // Отырар алқабы. - 2009.- 28 тамыз. - 7 б.
    • Сайрам орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
      • Қанат қақты /Кітапты шығарушы: Сайрам ауданының мәдениет бөлімі меңгерушісі Г.Серікбаева; жауапты редактор. А.Қылышбаейұлы. - Алматы: «Дала», 2000. - 111 б.
      • Летопись Сайрама [Текст] /Ответственный редактор А.Кылышбаев. - Алматы: «Дала», 2002. - 436 с.
      • Тарихтың тайқазаны Сайрам: [Мәтін]: Сайрам ауданына 80 жыл.1928-2008 /Жауапты редактор М. Құлмұхамбетов. - Шымкент: «Жебе», 2008. - 88 б.
    • Сарыағаш орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
      • Қазақстан Ұлттық энциклопедия. - Алматы, 2005. - 7 том. - 562 бет.
      • Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы. - Алматы, 2005. - 450 бет.
      • Жақып Аяш. Оңтүстік қақпасы. Сарыағаш шаһары. - Ташкент, 2003. - 71 бет.
      • Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі. - Сарыағаш қаласы, 2004.
    • Созақ орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
      • Баһадүр Ж. Ән мен жырдың мекені..: [Бәйдібек ауданы мен Созақ ауданының мәдени жұмыстар туралы] /Ж. Баһадүр //Оңтүстік Қазақстан. - 2012. - 13 шілде. - 8 б.
    • Төлеби орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
      • Алтаева Ү.Сыртқы сәні сүйкімді ал, ішкі мәні ше?..:[аудан мәдениеті туралы] /Ү.Алтаева //Оңтүстік Қазақстан. - 2002. -13 қазан. - 14 б.
      • Мақұлова, Р. Оқырманы көп кітапхана : [Мәтін]: [Қазіргі заман талабына сай. Жаңа технологиямен жабдықталған кітапхана Тоғыс ауылында] /Р. Мақұлова //Төлеби туы. - 2006. – 20 мамыр. — 4б.
      • Аудандық кітапхана облыста бірінші : [Мәтін]: [Білікті маман тиімді Ізденіс атты конкурста ОКЖ-ның ұжымы бірінші] //Төлеби туы. - 2009. — 1 қаңтар. — 7б.
    • Түлкібас орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
      • Молдабек Б. Жарты жылда мәдениет саласында қандай істер атқарылды? / Б. Молдабек //Халық үні. - 2011. - 29 шілде. - 5 б.
    • Түркістан орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
      • Баһадүр Ж. Күнгей мен көлеңке /Ж. Баһадүр //Оңтүстік Қазақстан. - 2011. - 29 қараша. - 4 б.
    • Шардара орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
      • Баһадүр Ж. Жүрекке жылу, жанға азық керек /Ж. Баһадүр //Оңтүстік Қазақстан. - 2011. - 27 қазан. - 3 б.
    • Шымкент орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
      • Әліп Ә. Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан /Ә. Әліп //Шымкент келбеті.- 2011. - 2 желтоқсан. - 3 б.
      • Ерданқұлқызы А. Сөзім жыр, лебізім - күй ерке едім /А. Ерданқұлқызы //Дөңгеленген дүние.- 2011. - 20 қазан. - 4 б.
      • Ерданқұлқызы А. Сұлу сырдың ақыны: [Абай атындағы қалалық кітапхана Төлеген Айбергеновтың 75 жылдық метей тойына орай іс-шара өткізді] /А. Ерданқұлқызы //Дөңгеленген дүние. - 2012. - 16 ақпан. - 2 б.
      • Ерданқызы А. Желтоқсан - тәуелсіздігіміздің ақ таңы: [Абай атындағы қалалық кітапхана Желтоқсан көтерлісіне - 25 жыл толуына орай "Желтоқсан - тәуелсіздігіміздің ақ таңы" атты іс-шара өткізді] /А. Ерданқызы //Дөңгеленген дүние. - 2011. - 15 желтоқсан. - 2 б.
      • Тілеубек Д. Ақын атын ардақтап /Д. Тілеубек //Аталар сөзi. - 2011. - № 18, қыркүйек. - 6 б.

Сыртқы сілтемелер