Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры, Ж.Шанин атында, 1934 жылы ұйымдастырылған. Сол жылы қыркүйекте Ғ.Жасақбаевтың “Заман заңы” пьесасымен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Артістері

Актерлер Ж.Арғынбаев, А.Дәукенова, Е.Досымбетов, М.Жүсіпов, Т.Мәдіходжаев, Ә.Мырзалиев, И.Тәуірбалин, т.б. театр труппасының алғашқы ұйымдастыру жұмысынан бастап, оның сахналық-шығармалық жағынан қалыптасу, өсу жолында елеулі еңбек сіңірді. Алғашқы жылдары театр репертуарынан Шаниннің “Арқалық батыр”, Е.Ерданаевтың “Малқамбай”, С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар”, М.Әуезов¬тің “Еңлік – Кебек” атты драмалық шығармалары орын алды. 1935 – 1936 жылы театр труппасы гастрольдік сапармен елді мекендерді (Арыс, Қызылорда, Мерке, Түркістан, Шәуілдір, т.б.) аралап, спектакльдер көрсетті. 1938 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) театр училищесінің қазақ студиясын бітірген Г.Батырғалиева, Х.Бөкеева, І.Қарсақбаев, Ә.Өмірзақова, Х.Шәженов, т.б. қызметкерлердің қосылуы театрдың актерлер құрамын күшейте түсуге игі ықпал жасады.1941 – 1945 жылы Мәскеуден Моссовет атындағы театрдың эвакуациямен Шымкентке көшіп келуі де театр өмірінде елеулі оқиға болды. Осы кезде театр труппасы негізінен тарихи-қаһармандық (М.Ақынжановтың “Исатай – Махамбет” және Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыландысы”) және патриоттық тақырыптағы драмалық шығармаларды (Ә.Әбішевтің “Отан үшін”, Әуезовтің “Сын сағатта”, С.Мұқановтың “Жеңіс жыры”, Әуезов пен Әбішевтің “Намыс гвардиясы”) қойды. Әр жылдары театр құрамында актерлер Р.Досжанова, М.Дөненбаева, Е.Садақбаева, І.Шанин, Ф.Шериязданова, А.Абдуллина, А.Қалмырзаев, Ж.Серікбаева, Р.Байкенов, С.Досмағамбетов, Ғ.Дүйсеков, С.Ерғалиев, О.Жұмабеков, Ә.Мұхамедияров, М.Найманбаев, Ә.Ордабаев, М.Өтебаев, С.Өтемісов, Ж.Тұрсынов, Ә.Шанин; режиссерлер Ғ.Арғынбаев, Ғ.Хайруллина, В.И. Дьяков, Г.Н. Зорин, В.Н. Молчанов, М.Г. Насонов, Ю.Л. Рутковский, Ж.Омаров, Е.Оразымбетов, Т.Өтебаев, Ә.Құлданов, театр суретшісі І.Жұмағұлов, т.б. қызмет етіп, театр өнерінің өркендеуіне мол үлес қосты.

Жетістіктері

1958 жылы театр ұжымы Алматыда өткен театр көктемі байқауына қатысып, Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов” пен О. де Бальзактың “Өгей шеше” спектаклін көрсетті. 1972 ж. театрға режиссер, драматург, театр қайраткері Шаниннің есімі берілді. Гастрольдік сапармен театр труппасы 1980, 1984 және 1994 ж. Алматыда болып, өнер көрсетті. Театр ұжымы 1984 ж. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}