Оңтүстік Қазақстан Облыстық Мемлекеттік Архиві

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оңтүстік Қазақстан Облыстық Мемлекеттік Архиві – ғылымыми құжаттық мекеме. 1926 ж. ұйымдастырылған. Алғашқы кезде Сырдария губерниялық, 1928 ж. округтік, 1931 ж. Шымкент қалалық, 1932 ж. облыстық мемлекеттік, 1962 ж. өлкелік мемлекеттік, 1964 жылдан қазіргі атауымен аталып келеді. Архивте облыстың 1917 жылдан бергі тарихи құжаттары жинақталған. Онда бұл өңірдегі азамат соғысының барысы, алғашқы ұжымдық шаруашылықтардың, «Қосшы» одағының, жергілікті өнеркәсіптердің құрылуы, мақта, жүзім, мал, орман шаруашылығының, оқу-ағарту, мәдениет, денсаулық сақтау салаларының дамуы және жоспарлау, статистика мекемелерінің есептері, Шымкент уезі бойынша жасалынған әскери-географиялық, тарихи-экономикалық. шолулар туралы құжаттар сақталған. «Ұлы Отан соғысы кезіндегі Шымкент облысы» атты құжаттар кешенінде облыстан шыққан батырлар, еңбек ерлері, майданға көмек, азат етілген аудандардың шаруашылығын қалпына келтіруге ат салысу туралы деректер шоғырланған. ғылым. анықтамалық әдебиеті 2 мың, құжат саны 308 мыңға жуық. Құрамында 4 бөлімшесі, 14 аудандық архиві бар.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оңтүстік Қазақстан Облыстық Мемлекеттік Архиві|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}